Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Айнаның сынуы отбасымыздың бақытсыздыққа ұшырауына көрінген екен

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Бүгінгі сұрағым кейбіреулерге мағынасыз болып көрінетін болар. Бірақ мен үшін маңызды. Бұл ырым жайлы болып тұр.


Осыдан 4,5 жыл бұрын тұрмысқа шықтым, сүйген жігітіме. Дәстүр бойынша құда түсіп, үйімнен ұзатылдым. Барлық жасауымды ата-анам, ағайындарым алып берді. Ішінде жатын бөлмеге арналған жиһаз да болатын.


Ұзатылып барған күні заңды түрде некелесіп, күйеуім жақта той болды. Сол күні үйге бармадық, қалада қыдырып, әпкесінің үйінде жастар жағы қона салдық.


Тойдан шығып әпкесінің үйіне барғаннан кейін күйеуім маған "Сенің көңілің түспесін деп айтпаған едім, жатын бөлме жиһазының айналарын жүк түсірген кезде сындырып алыпты" деді. Мен шошып кеттім, бірден көңіліме алып қалдым. Бөлек-бөлек 4 айна, Бәрі бірдей сыныпты. Көңілім қатты түсіп кетті, жыларман болдым.


Өзім өте ырымшыл адаммын. Айна сынса бақытсыздық болады деп естігенмін. Қалайша сынды, жиһаз салонынан үйге әкеліп түсіргенде, одан үйден тиеп жүкті жібергенде сынбаған айна неге тура сол үйге барғанда сынды, басым қатты. Үйге барған құдаларға (менің анам, ағайындарым) "ертең ақ қондырып береміз айнаны, уайымдамаңыздар" деп сендіріпті қайын жұртым. Бірақ ол сөздері сол жерде қалды. Сол айнаны өзім жүкті болып, декреттік ақшамды алған соң қондырттым. Дәл кім сындырғаны менен жасырын қалды.


Бұл айнаның сынғанынан ба, алде басқа себептермен бе, мен бақытты бола алмадым. Жолдасым үйленгенімізден кейін 3 жылға жетпей қайтыс болды. Кішкентай ұлыммен қалдым.


Сол айнаны сындырғандары есіме түссе сол сындырған адамды білгім келеді. Менің бақытсыз болғаныма сол адам кінәлі сияқты. Жаным қиналады. Сіздер қалай ойлайсыздар? Айна сынған шынымен бақытсыздыққа әкеле ме?


Арайлым, Шымкент

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1770    Пікірлер: 0

сенбі, 25.05.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31