Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Батыс Қазақстан облысы полициясы, елді дүрліктірген елестің ізіне түсті

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Оралдық полиция қанды қол қарақшыны қойып жын-перілердің ізіне түсетін болған. Оған әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан, әжей мен сары қыз елесі туралы қауесет себеп болған.

 

Бұл ақпаратты жергілікті шенеуніктер "шынайы" қабылдағанға ұқсайды.

 

Ауылдық округ әкімі, молда шақырып құрбандыққа мал шалдырған.

 

Ал, облыстық полиция арнайы топ құрып жын-пері туралы ақпаратты саралап шыққан.

 

Батыста кімге не көрінді?

 

Елес туралы әңгіме, бір аудан мазасын қашырады деп кім ойлаған. "Көзіммен көрдім", дегендерді көптігі сол, бұл аңыз жергілікті шенеуніктерді де шошытқан сияқты. Ауылдық округ әкімі молда шақырып, құрбандыққа мал сойдырған.

 

Талап ҚАЗИЕВ, ЖУСАНДЫОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

 

- Айттық қой жаңағы камазисті мешітке апарып, молда оқытып, содан кейін барып кетті деп. Жын болады ғой, иесіз далада, иесіз үйлерде. Бастың амандығы мен ел үшін  18 адамменен далада сақтанып отырып, далада бір мал сойдық Қазақтың ерте дәстүрінен келе жатқан нәрсе ғой.

 

Бұл бейне "отқа май құйғандай" әсер етті. Қазнет оны іліп алып, қауесет қыза түсті. Сөйтсек ол бірнеше жыл бұрын Ресейде түсірілген видео екен. Бірақ, қаратөбеліктер "Елес бар", деп отыр. Әлгі әжей мен сарықызды талай адам көріпті-мыс.

 

Индира СӘНДІБЕКОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

- Қаратөбеден 15-20 шақырым жүргеннен кейін машинамыз тарс ете қалды. Мен көзімді ашып қарасам, әдеміше келген бір сары қызды көрдім. Машинаның үстіне отырып алған. Жанымда отырған екі үлкендеу кісі «пісміллә-пісміллә» деп жатты. Мен «пісміллә» дегенді де айта алмадым.

 

Осыған ұқсас аңыздар, құқық қорғаушыларды да алаңдатты. Облыстық полиция енді, топ болып тергеу жүргізбек.

 

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

 

- Қаратөбе аудандық жергілікті полиция қызметі осы аталған фактінің куәгерлерін анықтау бойынша жұмыстар жүретін болады. Сонымен қатар олардың міндетіне әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбалардың шындыққа сәйкестігін тексеретін болады.

 

Елес қуған облыстық полиция, көзі тірілерді айып пұлмен қорқытуды да ұмытпады.

 

"Жын-пері туралы жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК көлемінде айып пұл салып, 5 жылға соттаймыз", деп сес көрсетті.

 

Ал, егер елес рас болса айып пұлды кім төлейді? Мұны құқық қорғаушылар ашып айтпады.

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 3399    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31