Бәйбіше дуа жасатып, тоқалдың отбасын ойран еткен екен

Бәйбіше дуа жасатып, тоқалдың отбасын ойран еткен екен

Құрметті «Алаш айнасы» интернет басылымының басшылығы! Осыдан біраз жылдар бұрын өзім куә болған бір оқиғаны хатқа түсіріп, сіздерге жолдап отырмын. Егер қатесі болса, түзетіп басарсыздар деп үміттенем. Алдын ала алғысымды білдіремін.

 

Бұл оқиға бала кезімде болған еді. Біздің ауылда босағасынан береке кеткен бір отбасы тұрды. Ол үйде жеті баласымен жалғызбасты кейуана күн кешетін. Үлкен екі ұлы мен бір қызы шаңырақ көтеріп, көп ұзамай ажырасқан. Ал отыздан асқан екі қызы кәрі қыз атанып отырып қалған. Одан кейінгі ер жеткен екі ұлы да үйленбеген. Жақын аймақтағы ауылдардан қыз айттырып барса ешкім қызын беруге келіспейді.

 

Үлкендердің айтуына қарағанда сол шаңырақтың иесі екі әйел алған екен. Мен ес білгенде ақсақал да, бәйбішесі де өмірден озған. Үлкендердің әңгімесінен естігенім ақсақалдың бәйбішесі сегіз жыл дегенде жүкті болып, қыз туады. Содан соң құрсақ көтермейді. Бәйбішемен 20 жыл отасқан отағасы қара шаңыраққа ие болар ұл қажет деп жас тоқал алады. Арадан бір жыл өткенде тоқал шекесі торсықтай ұл табады. Тоқал ұл тапқан соң көп ұзамай, онсыз да қан жұтып жүрген бәйбішенің бой түзеп қалған 12 жасар қызы ауырмай-сыздамай қайтыс болады. Отағасы оған соншалықты қайғырмайды. Арадан жыл өткенде тоқал екінші ұлды дүниеге әкеледі. Сол кезде бәйбіше «шаңырағыңда береке болмасын, есектей еңбек етсең де бірің екі болмасын» деп тоқалға дұға жасатқан екен деседі. Жесір әйелдің шаңырақ көтерген ұл-қыздарының көп ұзамай ажырасуын, екі қызының кәрі қыз болып оң жақ босағада отыруын, кейінгі ұлдарының отбасы құра алмауын көпшілік дұғаның кесірінен дейтін. Сол үйде ұрыс-керіс бітпейтін. Алды қырықты алқымдаған ағайындылар арақ ішіп алып бір-бірімен қырқысып жататын.

 

Арадан 5-6 жыл өткенде сол отбасына береке кірді. Кейін білсек, бір күні кешке сол үйге бір қария құдайы қонақ болып түнеп кетіпті. Кешкі ас үстінде өзінің атадан дарыған емшілік қасиеті бар екенін жеткізген қария бал ашып шаңыраққа дұға жасалғанын, ол дұғаны көрші ауылдағы молданың қайтаратынын, сол молдаға дәл қай күні бару керек екенін айтады. Таңертең үй иелері оянғанда қария орнында жоқ екенін көреді.

 

Қария айтқан күні кейуана көрші ауылдағы молдаға барады. Есіктен кіргенде молда өзін күтіп отырғанын айтып, «келесі жұма күні үйіңдегі иттің, мысықтың, есектің жүнін әкел» деп тапсырады. Әйел молданың айтқандарын алып жұма күні қайта барады. Молда сырттан оқитынын, дуаның күші қайтқанда мысықтың, иттің, есектің өлетінін, сонан соң қайта келіп дем салдыру керектігін ескертеді. Айтқандай-ақ, бір жарым айдың көлемінде мысық та, ит те, есек те өледі (иті, мысығы өлгенін естігенде ауыл адамдары «бұл шаңыраққа мал түгілі ит, мысық та тұрмайды» деп сырттай сөгіп жататын). Сосын әйел молдаға қайта барып дем салдырады. Молда үйге тұмар жасап береді.

 

Сол-ақ екен арадан көп өтпей, ажырасып жүрген екі ұлдың бірі және ажырасып жүрген қызы отбасыларымен табысты. Ажырасып жүрген екінші ұлы қайта үйленді. Шаңырақтағы ұрыс-керіс сап тыйылды. Көп ұзамай кәрі қыздың бірі тұрмысқа шықты. Тағы бір ұл үйленді.

 

Ауыл адамдары мұндай құбылысты сан саққа жүгіртті. Біреулері сол үйге Қыдыр ата келіпті десті. Енді бірі мұны үлкен екі ұлдың арақ ішуді қойып, намазға жығылғанымен түсіндірді. Олардың пайымдауынша арақ ішуді қойып, намаз оқыған соң үйдегі берекені кетіріп жүрген жын-шайтандар кеткен.

 

Алайда бұл жағдайдың шындығы кейуана қайтыс болған соң айтылды. Ол өлер алдында болған жағдайды көршісіне айтып, жамбасы жерге тимейінше бұл жайды ешкімге айтпауды аманат етіп кеткен екен. Себебі көзі тірісінде бұл жайлы тіс жармауды молда тапсырған көрінеді.

 

Не болса да, сол үйге береке келгені анық еді. Ал оның себебі неде екені бір Аллаға аян.

 

Пенде емеспіз бе, ауыл адамдарының бәрін де бұл үйге аяқ асты береке кіруінің себебі қызықтыратын. Бірақ ешкім оның нақты себебін айта алмайтын. Мен де расымен де сол үйге келген қария Қыдыр ата болды ма екен, жоқ әлде үйде намаз оқылған соң үйдің берекесін кетіріп жүрген жын-шайтан кетті ме екен деп ойлайтынмын. Жоқ әлде сол үйдің берекесін кетіріп жүрген дұға ма екен? Әлі күнге дейін сол бір оқиғаға түсінік бере алмай келем.

 

Сіз бұған қандай түсінік берер едіңіз?

 

 

Автор: Нұрмұрат Мұсабеков, Оңтүстік Қазақстан облысы

alashainasy.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста