Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Беймәлім әлеммен байланыстырған телефон

  • © Загадочные места

    © Загадочные места

Шындығында, жұмыр Жерде магниттік, гравитациондық кеңістікпен қатар ақпараттық қуат кеңістігі бар. Осы кеңістік жер бетіндегі кез келген оқиғаны, соның ішінде соғыс болған, аса көп адам қаза тапқан аймақтарды «жадында» сақтап қалатын көрінеді.

 

Бұл – ғалымдардың пікірі. Сол Жер «жадында» сақталып қалған кейбір оқиғалар ара-тұра болса да, елес болып әлгі жерлерге оралып тұрады екен. Төмендегі оқиғалар соған байланысты һәм ешқандай ойдан шығарылған аңыз емес, өмірде болған жағдай. Өйткені бұл жерде өмірде бар нақты адамдар, нақты елді мекендер айтылады. Сондықтан адамдар ойша құрастырған қырық өтірік деуге еш келмейді...

 

Басқа әлеммен байланыстырған телефон

 

Мына бір өзгеше оқиға Санкт-Петербург қаласында болған екн. Илия Разин деген азамат күздің жанға жайлы бір кешінде өзінің сүйіктісі Нинаға телефон шалады. Ар жақтан телефонды көтерген адамның дауысы Нинадан гөрі кішкентай қыздың дауысына көбірек ұқсап кетіпті. Ол да өзін Нинамын десе керек. Телефонды көтерген адам басқа екенін аңғарған жігіт тұтқаны қойып, қайтадан хабарласады. Тағы да сол дауыс. «Менімен сөйлесе беріңіз. Үйде мен жалғызбын» дейді әлгі бала.

 

Жігіт телефонды не қоярын, не қоймасын білмей, ойланып қалды. Сосын өзі, өзінің сүйіктісi Нина жайлы айта бастады. Бала дауысы:

 

– Илья қазір не істеп жатыр екен?

 

– Телефонды көтеріп ас үйге кірдім, сосын...

 

– Телефонды көтеріп жүруге бола ма екен? Бірінші рет естуім, – бала таңғала сұрады. Баланың таңданысына Илья біртүрлі болып қалды.Сосын: – Ал сенде қандай телефон? – деп сұрады.

 

– Кәдімгі, қабырғаға ілініп тұратын. Сіз ас үйге кіріп, бірдеңе жейін деп пе едіңіз?

 

– Жоға-а... Терезеден кешкі қаланың қызылды-жасылды оттарына қарап тұрғаным...

 

Қыз өкпелей сөйледі:

 

– Неге алдайсыз? Қайдағы шам, қала қап-қараңғы ғой. Шамды баяғыда өшірген, үй суық, пешке жағатын отын жоқ. Шешем бір жаққа шығып кеткен. Әкем майданда. Ал сіз мүгедексіз бе, неге үйде отырсыз?

 

Сасып қалған Илья Разин:

 

– Қайдағы соғыс, мүгедегі несі? Не деп тұрсын өзің?

 

– Қала қоршауда екенін білмейсіз бе? Қайдан шыққансыз өзіңіз? Қаланың сырты толған немістер емес пе?

 

«Есімнен адасып тұрған жоқпын ба, өзі?» деп үрейленген Илья:

 

– Қазір қай жыл, айтшы? – деді қыстығып.

 

– 1942 жыл...

 

Кенет телефон өшіп қалды...

 

Жігіт қайта телефон шалды. Бұл жолы тұтқаны – сүйіктісі Нинаның өзі алды.

 

– Қайда жүрсің? Трубканы неге өзің көтермейсің? деп жігіт бұрқ етті.

 

– Қайда жүргені несі, енді ғана хабарласып тұрған жоқсың ба? – Нина таңғала сөйледі...

 

Жігіт болған жайды айтып берген еді. Екеуі де таңғалысты. Илья кездейсоқ 1942 жылғы қоршауда тұрған Ленинградтың кішкентай тұрғынымен сөйлескенін білді. Осы бір жағдай мәңгі есінде қалып қойды. Белгілі ғалымдарға жолығып, басынан өткен жағдайды айтып еді, өмірде ондай оқиға жиі болып тұратынын естіді...

 

 

aikyn.kz

 




Көрілген: 1373    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31