Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Бортсерік 10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман қалған

  • Фото: bt.dk, fishki.net, imoci.ru

    Фото: bt.dk, fishki.net, imoci.ru

1972 жылы 26 қаңтар күні Чехияның Српска-Каменице қаласында Копенгагеннен Загребке ұшып бара жатқан DC-9 югославиялық жолаушылар ұшағы 10160 метр биіктіктен құлады. Бортсерік Весна Вулович апаттан аман қалған жалғыз жан. Періштесі қаққан 22 жастағы бойжеткен таңғажайып оқиғасымен бөлісіп, әлем жұртшылығын таңғалдырған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Зожник басылымына сілтеме жасап.

Күллі әлемді дүр сілкіндірген апат хорватиялық террористердің әуе кемесіне жарылғыш зат салуының салдарынан болған. Алайда ресми түрде қылмыстың себебі сол күйі анықталмады. Мұндай апаттардан аман қалу екі талай. Дегенмен 22 жастағы Весна оқыс оқиғадан құтқарылып, әлемді таңқалдырған еді.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

Весна Вулович 10 мың метр биіктіктен құлап аман қалды. Ол ұшақтағы 28 жолаушысы мен экипаж мүшелерінің арасында тірі шыққан жалғыз жан болатын. Бойжеткен қар басқан ағаштардың ұшар басына құлап түскен. Десе де, бортсерік ару апаттан кейін бір айт өткен соң ғана есін жиды.

22 жастағы бортсерік Весна Вулович бұл рейспен ұшпауы керек еді. Алайда әуе компанияның қателігінен Весна Николичтің орнына Весна Вулович ұшты. Апат болған кезде ол әлі тіпті, оқуын аяқтамай, тек тәжірибеден өтіп жүрген еді.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

Жарылыс болған сәтте Весна жолаушылар салонында қызмет көрсетіп жүріпті. Ол бірден есін жоғалтып, жарылыс сәтінде не істеп, ұшақтың қай бөлігінде болғанын білмеген екен.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

Ұшақ қар басқан ағаштарға құлаған себепті Весна аман қалған. Сондай-ақ, ұшақ түскен жерге ең алғаш болып жеткен жергілікті тұрғын бойжеткенді басқа денелердің ішінен алып шығып, оған алғашқы көмек көрсетіпті.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

Вуловичтің аман қалуы осы кісінің арқасы болуы мүмкін. Алайда дәрігерлер оның аман қалатынына сенбеген. Тіпті, Весна есін жиғанда да оған күмәнмен қараған. Дегенмен күн өткен сайын жас қыздың ағзасы жарақаттармен белсенді түрде күресе бастайды.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

Апаттан екі ай өткен соң Вулович ұшақпен Прагадан өз отаны Белградқа жіберілді. Емделуге жалпы 16 ай уақыт кеткен. Оның ішінде 10 ай бойы бойжеткен денесінің төменгі бөлігін мүлде сезбеген.

Бұл жайт 1985 жылы болған ең жоғарғы биіктіктен парашютсіз секіру ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген.

Весна Вулович жазылып шыққан соң Yugoslav Airlines әуекомпаниясына бортсерік қызметіне қайта оралмақ болған. Алайда нәтижесінде компания оған кеңселік қызметті ұсынды.

Весна Вулович 2016 жылы Белградтағы үйінде 66 жасында қайтыс болды.

10 мың метр биіктіктен құлаған ұшақтан аман шыққан бортсерік жайлы білесіз бе

 




Көрілген: 1138    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.01.2020, 18:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31