Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Босану кезінде көз жұмған әйел, Кесер тілігінен кейін қайта тірілген

  • © Wday.ru

    © Wday.ru

АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласының тұрғыны Николь Холл клиникалық өлімді бастан кешіріп, кесарь тілігінен кейін қайта тірілген. Бұл туралы rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Николь үшінші баласын босану үшін ауруханаға келген. Толғағы басталып, жатыры жеті сантиметрге ашылған. Кенет Николь тұншыға бастаған. Мейірбике оған оттегі маскасын кигізіп, шұғыл дәрігерлерді шақырған.


Мұның бәрі күйеуінің көзінше болған екен. Дәрігерлер әйел адамның жүрегі тоқтағанын айтып, баланы құтқару үшін кесарь тілігін жасауға рұқсат сұраған.


Шұғыл шақырту бойынша келген хирург Никольдың бес минут бұрын көз жұмғандықтан анастезиясыз ішін кескен. Бала төмен түсіп кеткендіктен, скальпель баланың иығынан қолтығына дейін кесіп тастаған.


Дәрігерлер баланы алып, бес минуттан кейін оның шырылдаған дауысы шыққан.


"Мен дәрігерлерден әйеліммен қоштасуға рұқсат сұрадым. Олар маған баланы алып, әйелімнің жүрегі қайта соға бастағанын айтты", - дейді Никольдың күйеуі Энтони.

Николь төрт литр қан жоғалтқан, себебі бәрі оны қайтыс болады деп ойлаған. Оған шұғыл ота жасалып, төрт күн бойы ол өлім мен өмірдің арасында жатқан.


Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға туралы тек баланың иығындағы тыртық қана еске салады екен.


 




Көрілген: 1081    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30