Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

«Бір жас жігіт келеді, барлығы өз орнына орнайды»: 74 жастағы көріпкел Қазақстанның дамитыны және бақсылық қасиеті туралы

  • «Бір жас жігіт келеді, барлығы өз орнына орнайды»: 74 жастағы көріпкел Қазақстанның дамитыны және бақсылық қасиеті туралы

    «Бір жас жігіт келеді, барлығы өз орнына орнайды»: 74 жастағы көріпкел Қазақстанның дамитыны және бақсылық қасиеті туралы



Жеті қат аспанды барып көзімен көріп келген Әбіл Шәріпбекұлы бойында түсініксіз тылсым күш бар екенін айтады. Ол 44 жыл ішінде бірнеше адамды ауруынан айықтырған. Бойында көріпкелділігі бар Әбіл ата билікке жас жігіт келетінін және Қазақстанның қарқынды дамитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


ата


Бұл туралы археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың ұлы, құнды жәдігерлерді жинап, карта құрастырып жүрген Бекбол Нұрмұханбетов өз ютуб-каналында жариялады. 


«Жеті атамнан келе жатқан көріпкелділік қасиетім бар. Бұл менде бала жасымнан келе жатыр. Маған келген адамдардың көбінің жолы ашылып, ауруынан сауығып кетіп жатыр. Бірақ мен «ем жасаймын, бәлен-түген» деп айтпаймын. Алыстан келіп жатады. Түстеріне аяп беріп, мен кіреді екенмін. Келгенде таңқалады. «Сені түсімізде көріп едік, осында отырсың ғой», – дейді емші ата. 


Ақсақалдың айуынша, бойындағы қасиеті – тылсым дүние. Оның түбіне жеткен адам жоқ дейді.


«44 жылдан бері мен осыны тексерумен жәй ғана келе жатқан адаммын. Баласыз адамдар балалы болды. Түсік тастағандары бар арасында. Бұл өте қиын нәрсе екен. Алты ай қойып кеткенмін. Бірақ қызым талып қалды. Дәрігерлерге апардым, ауруын таба алмадым. Сөйтіп емшілік қасиетімді қолға алып адамдарды қабылдай бастағаным сол екен, қызым жазылып кетті». 


 


74 жастағы Әбіл ата кейінгі ұрпағының болашағын ойлайды. Бала-шағасының бірі бұл тылсым дүниеге толы қаиетті меңгеріп алғанын тілейді екен. Айтуынша, ата-бабадан келе жатқан қасиетті өзі әрең ұстап қалған. 


«Мен ем жасамаймын. Періштелерді, әруақты шақырып отырамын. Солар келіп ем жасайды. Ал мен болсам, жәй ғана сырттан бақылап, тексеріп қана жүрген адаммын. Бақсылықтың екі түрі бар. Біреуі сол құлақтан естиді. Оны қара бақсы дейді. Шайтандармен сөйлеседі. Ал менікі бөлек. Мен елес көріп отырамын», – дейді Әбіл ата. 


Көріпкел, әрі емші, балгер ата Қазақстанның болашағы жарқын болатынын айтады. Сөзінше, жас жігіт барлығын өзгертеді екен.


«Бір жас жігіт келеді, содан кейін барлығы өз орнына орнайды. Біздің Қазақстан дамиды. Өте қарқынды дамуы керек», – дейді ол.


 



 

 




Көрілген: 3820    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 20:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30