Деліқұлы жігіттің "жынын шығарам" деп таяқпен ұрып өлтірген

13 қараша 2018, 17:29

Бакуде психикалық дертке шалдыққан 25 жастағы жігіттің "жынын шығару" үшін сабап өлтірген, деп жазады Sputnik Әзербайжан.

Көзсіз наным-сенімнің кесірінен болған қайғылы оқиғаның мән-жайы былай: 1993 жылы туған Солтанов Мурад Шахин оглу психикалық дертке шалдыққан, соның салдарынан кейде құтыру ұстамасы ұстап қалады екен. Баласын емдеп жаза алмай амалы құрыған әке қала сыртындағы ауылдардың бірінде тұратын молданың көмегіне жүгінуге шешім қабылдайды. Ол дін қызметшісін дұғамен шектелмей, қатал шара қолдануға көндіреді: оның ойынша, ең тиімді емдеу тәсілі таяқпен соққыға жығу болған.

Бұл үшін ер адам молдаға 400 манат (88 мың теңге — Sputnik) төлейді. Жігітті ұстап тұру үшін әкесі тағы біраз танысын шақырып, науқастың айғайына қарамастан қатты ұруға бұйырады.

Байғұс жігітті анар ағашының шыбығымен екі сағат бойы ұрып-соққан екен, салдарынан науқас жан тапсырыпты.

Істі тергеумен айналысқан жедел қызметкерлер мұндай жайтқа бірінші рет кезіккенін айтып, жағасын ұстап отыр.

Sputnik