Ешкі кейпінде кезіккен шайтан...

Ешкі кейпінде кезіккен шайтан...

Жұма күні болатын. Аптаның бұл күнінде апам ата-бабамыздың рухына бағыштап иіс шығаратын. Бүгін де үйреншікті әдетіне басты. Ас үйде жеті шелпегін пісіріп, таңғы шәйдің қамына кірісіп кеткен. Мен де апамның бір жағына шығып, майда-шүйде тірлікті тыңдырып жүрмін. Үйде апам екеумізден басқа тірі жан жоқ.

Апамның шелпегі де әзір болды. Дастарқан басына жайғасып, ыстық шелпекпен оразамызды аштық. Үстел басында апам бұрындары аталарымыздың, әжелеріміздің басынан өткерген біршама оқиғаларды баяндап берді. Соның ішінде ерекше жадымда сақталып қалған мына бір жайды сіздермен бөліссем деймін.

Оңтүстікке қарасты жерде Қарабұлақ дейтін үлкен ауыл болған екен. Осынау мекенде Саңғылбай деген атамыз ғұмыр кешкен. Ауылда халық мал бағып күндерін көріп жатады ғой. Атамыз да аз ғана малын жанына талғажау етіп, тіршілік көзіне айналдырған. Таңның атысымен, кештің батысына дейін малдың соңында жүреді. Осылай күндері өтіп жатады.

Бір күні шілденің аптаған ыстығында, шамасы түс мезгілінде болса керек, атамыз малын өзенге суға жіберіп, өзі талдың түбін көлеңкелеп отырғанда көзі ілініп, мызғып кетеді. Кенет иығынан біреу «тұр» деп түрткендей болады. Көзін ашып, жан-жағына қараса ешкім жоқ. Елес шығар деп мән бермейді. Бір уақытта қайдан келгені белгісіз маңырап жанына бір ешкі келеді. «Бұл қайдан шыққан ешкі, буаз ба екен?» деп желінін ұстай бергенде, әлгі ешкі «Қолың толды ма?» деп қыз бейнесіне еніп тұра қашады. Сонда атамыз ешкінің жәй келмегенін, азғырушы шайтан екенін сезіп, қамшысын алып артынан қуа жөнеледі. Жалбыраған ұзын шашынан тартып қалып, қамшысымен сабайды. Араға бір минут салмай қыз бейнесіндегі шайтан көзден ғайып болып кетеді. Бірақ атамыздың алақанында бір уыс шашы калып қояды. Мұндайда көзкөргендер не істеу керек екенін жақсы білген ғой. Атамыз шашын Құран кітаптың арасына тығып қояды.

Сол күні түнде Саңғылбай ата ары аунап, бері аунап тыпыршықтап ұйықтай алмай шығады. Таңға жуық көзі енді іліне бергенде, иттің шәңкілдеген дауысынан оянып кетеді. Сағатқа қараса төрттен бес минут өтіпті. Сыртқа шығып, үйдің маңайын, қора жақты бір-бір қарап шығады. Бәрі өз орнында. Мысықтар кірген болар деп, жатын бөлмесіне қайта оралады. Енді көзін жұма бергенде, сықыр етіп есік ашылғандай болады. Қараса келіп тұрған әлгі қыз бейнесіндегі шайтан екен. «Бұдан былай өзіңе де, үрім-бұтағына жоламаймын. Тек менің шашымды қайтарсаң болды» деп жалынады (Бұрындары азғырушы жын бір адамға жабысса, үрім-бұтағына дейін дым қалдырмайтын болған). Сонда атамыз тұрып: «Екінші рет көзіме көрінбе! Бізден іргеңді аулақ ұста!» деп шашын қайтарып беріпті. Осыдан кейін жын атаның өңі тұрмақ, түсіне де кірмеген!

Әрине, басында бұл оқиғаға сенер сенбесімді білмедім, бірақ апам Саңғылбай атаның өз ауызынан естігенін айтты.


Нәзік ТҰРТАЙ,
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста