Ешкім жоқта үйдегі заттарды шашатын жын ба, елес пе...

Ешкім жоқта үйдегі заттарды шашатын жын ба, елес пе...

Жындардың да əйелі мен ері, жақсысы мен жаманы, мұсылманы мен кəпірі болатын көрінеді. Шамасы, еуропалықтардың қайырымды санап жүрген «Үй иесі» жындардың жақсысы болуы керек, ал үй ішіндегі заттарды лақтырып, сындырып, əлекке түсіретін немесе адамның ішіне кіріп алып, көңіліне ұнамаған кісілерінің «қанын ішетін» вампирлар жынның жаман тобына жататын шығар.

 

Парапсихологтар да нақты ештеңе айта алмады

 

Осындай адам сенгісіз оқиғалар өмірде жиі кездеседі. Бұл ертеде де болған, қазірде де бар. Өмірде бар нәрседен адамдар бәрібір қашып құтыла алмайды, мұндай жағдай бәрібір кездеседі.

 

Сол кезде белгісіз күштер жөнінде әуелден түсінігі бар адамдар, әлбетте, онша қорқа қоймайды. Сондықтан адамдар ара-сындағы қорқынышты сейілтіп, сабырға шақыру үшін белгісіз күштер жөнінде біраз мәлімет жинадық. Сенімді дерек көздері бойынша, адам баласымен қатарласа өмір кешіп жатқан өзге бір тіршілік иелерінің бары рас екен.

 

Жалпы, тарихта беймәлім құбылыс жөніндегі алғашқы дерек 1666 жылы тіркеліпті. Сол жылы Мәскеу маңындағы Құдайға құлшылық ететін арнайы орынға келушілердің мазасын алған белгісіз бір күш шіркеу қызметкерінің арнайы оқуымен ғана тоқтатылған екен. Полтергейстер жайлы кезінде орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин де жазған. Орыс ақыны 1833 жылы өз күнделігіне бір үйдің жиһаздары өз-өзінен қозғалып, секіргені жөнінде мәлімет қалдырған.

 

Зерттеу жұмыстарын 1890 жылдан бастап жүргізген Ежелгі Рим, Германия және Қытай елдерінің парапсихологтары бұл жөнінде біраз материалдар жинақтапты. Шетелдік ғалымдардың айтуынша, белгісіз күш иелері төмендегідей үш топқа бөлінеді. Біріншісі — классикалық топ, олар үйде адам жоқта әрекет жасап, заттарды сындырып, тамақты төгіп-шашып, бәрін бүлдіреді. Бұлар полтергейстер.

 

Екіншісі – ашулы, адамға зиян жасаудан тайынбайтын топ. Қазіргі киноларда көрсетіліп жүрген вампирлар осы топқа жатады.

 

Ал үшіншісі – кәдімгі біз күнде айта беретін үй иесі. Зерттеушілер оларды қайырымды топқа жатқызады. Олардың айтуынша, әрбір үйдің, қора-қопсы, монша секілді нәрселердің бәрінің өз иесі бар көрінеді. Үй иелері сол үйде тұратын адамдарды жаманшылық атаулыдан қорғап жүреді екен. Мысалы, үйге арам ниетті адам келсе, олар қайткен күнде де бір белгі көрінеді. Сондай-ақ, көптеген адамдар сабақтан, жұмыстан кешікпеу үшін өздерін үй иелерінің әдейі оятып жібергенін айтып жатады. Зерттеушілер үй иелерін ренжітпеу үшін көзден таса жерге оларға арнап ас-су (сүт, тұз) қою керек дегенді айтады. Үй иесі мысықты жақсы көреді. Жаңа үйге қоныс аударғанда кейбіреулердің әуелі мысықты кіргізетін себебі осыған байланысты болса керек.

 

Бір қызығы, полтергейстер адамдарды әлекке түсіргені болмаса, оларға дене жарақатын салмайтын көрінеді. Мысалы, қыс мезгілінде полтаргейстер терезені қанша қатты қақса да, оны сындырмауға тырысады немесе олар адамның үстіндегі киімді өртесе де, оның денесін күйдірмейді. Бұған XIX ғасырда өмір сүрген орыс помещигі Василий Щаповтың әйелінің үстіндегі көйлекті өртеген полтергейстердің іс-әрекеті дәлел бола алады. Үйінің терезесін күнде қағып маза бермейтін белгісіз әйел мен баланың саусақтарынан әбден шаршаған помещик өзі іссапарға аттанғанда, осындай қорқынышты сәтте жанұясына демеу болсын деген ниетпен үйіне А.Портнов деген көршісін қалдырады. Сол күні үйдегі заттар өз-өзінен отқа оранып, тіпті, помещиктің әйелінің үстіндегі көйлекке дейін жанып кетеді.

 

Бірақ, бір таң қаларлығы, жалынға оранған көйлекті сөндіруге ұмтылған көршісінің қолы күйгенімен, көйлекті киіп тұрған әйелдің денесіне ешқандай белгі түспеген. Осыған қарап, шетелдік зерттеушілер полтергейстерді адам секілді ақыл-ой иесі деген тоқтамға келген. Олардың айтуынша, белгісіз күш иелері орналасатын жерді өздері таңдайды. Сондай-ақ, олар «байланатын» адамды да өздері ыңғайлайтын көрінеді. Зерттеушілердің мәлімдеуінше, олар көбінесе жасөспірімдерді таңдайды екен. Бір айта кететін жәйт, табиғаттың тылсым құпиясын ашқысы келетін қазіргі таңдағы жастар вампирлер жайлы киноларды үлкен қызығушылықпен қарайды. Біз, ата-аналар, балаларды қорқынышты нәрселерден аулақ ұстауға қаншама тырыссақ та, олар бәрібір соның сырын білуге ұмтылады. Бұл — табиғи құбылыс. Сондықтан өмірде бар нәрсені білгісі келген жастарға кедергі жасамай, керісінше, оларға жағымсыз күштерден сақтану жолдарын түсіндіргеніміз абзал. Бәлкім, жоғарыдағыдай түсініксіз жағдайға тап болған жандар біздің осы мақаламыз арқылы көптеген сұрақтарына жауап табатын шығар...

 

Дерек көздеріне қарағанда, осындай тылсымдардың құпиясын ашуға тырысқан парапсихологтардың әрекеті күні бүгінге дейін ешқандай нәтиже бермепті. Беймәлім күш иелерін ұзақ уақыт зерттеген Алан Голд пен А.Д.Корнелл, Нандор Фодор мен Гарри Прайс және Уильям Дж.Ролл секілді белгілі парапсихологтар олар туралы нақты ештеңе айта алмады.

 

Зерттеушілердің бәрі де көзге көрінбейтін күш иелерінің жағымсыз іс-әрекетін тек дін өкілдерінің арнайы оқуы ғана тоқтата алатынын айтады.

 

Олар адамдардан 2000 жыл бұрын жаратылыпты

 

Осыны оқып, беймәлім күш иелері жөнінде анығырақ білу үшін өзіміздің облыс орталығындағы мешіт қызметкерлерімен хабарластым.

 

Дайындалып жатқан мақаланың мән-жайына қаныққан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша өкіл имамы Смайыл қажы Сейітбек әлемдегі белгісіз күш иелері жөнінде мәлімет беруге бірден келісті. Сөйтсем, бәріміздің үрейімізді алып жүрген беймәлім күш иесі жөнінде Қасиетті Құранда баяғыда-ақ жазылып қойған екен, мен бұны аталмыш мақаланы дайындау барысында осы кісіден естідім. Ал біз болсақ, баяғы әдетімізше шетелдіктерге иек артып, өзіміз түсінбеген белгісіз құбылыстың жауабын солардың ғылымынан іздеп, әбден шатасыппыз. Смайыл қажы Құран Кәрімде айтылған аяттарды негізге ала отырып, талайды таңдандырған беймәлім күштер жөнінде қысқа да нұсқа, нақты жауап берді.

 

Облыстың бас имамының айтуынша, үй иесі, полтергейст, вампир дегеннің бәрі қазақта тек бір ғана «жын» атауына ие. «Жын» — араб тілінен аударғанда «жасырды, қалқалады» деген сөз екен. Бұл есім оларға адам көзіне көрінбейтін, сездірмей тіршілік ететін қасиетіне байланысты берілсе керек. Смайыл қажы (51.Зарият, 56 және 7.Ағраф,179) аяттардың негізінде Жынды Адам Атадан 2000 жыл бұрын пайда болған деген дерек айтады. Оның айтуынша, жындар да адамдар секілді, тамақ ішеді, көреді, естиді, ойлай алады. Олар да сезім қабілетіне ие, сондықтан да жындар да біреулерді жақсы көріп, кейде тіпті, жек көре алады. Тіпті, тарихта жынның жақсы көрген әйелімен махаббат ойынын ойнап, бала туғызған жағдайы да болған екен. Жындардың да әйелі мен ері, жақсысы мен жаманы, мұсылманы мен кәпірі болатын көрінеді. Шамасы, еуропалықтардың қайырымды санап жүрген «Үй иесі» жындардың жақсысы болуы керек, ал үй ішіндегі заттарды лақтырып, сындырып, әлекке түсіретін немесе адамның ішіне кіріп алып, көңіліне ұнамаған кісілерінің «қанын ішетін» вампирлар жынның жаман тобына жататын шығар.

 

Смайыл қажы адамдармен қатар көзге көрінбей тіршілік ететін үш бірдей әлем бар екенін айтады. Олар: періште, жын және шайтан.

 

Олардың әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар көрінеді. Мысалы, періштелер әрдайым Аллаһ Тағаланың әмірімен жақсы істердің басында жүрсе, шайтан пендені жамандыққа итермелейді екен. Жында осы екі қасиет те бар көрінеді. Біздің ұғымымыздағы «дию, пері» деген атаулар — парсы тіліндегі «жын» сөзінің баламасы. Жын кез келген кісінің көзіне көрінбейді. Олар кейбір адамдарға ғана түрлі бейнеде білінуі мүмкін.

 

Жын әдетте адамға лас жерлерде, қараңғылық үйірілгенде кездейсоқ жағдайда тап болады. Ондайда адам қорықпай «бисмилләсін» айтса, жын өз-өзінен жоғалып кетеді екен. Ең дұрысы, түнде адам жалғыз жүрмеуі керек. Осылай деген қажы жынның өмірде бар екенін дәлелдеу үшін мені сол күні мешітке шақырды. Қажының айтуынша, белгіленген уақытта жын иектеген бір кісі мешітке емделуге келмекші. «Бәрін өз көзіммен көрсем, мақала нанымды шығар еді», — деген оймен алғашында қажының ұсынысына келіссем де, кейін ойланып, адам бойынан жынды шығару сәтіне куә болудан бас тарттым. Себебі, ондай кезде жын қорыққан адамға көшеді дегенді естіп, жүрексініп қалдым. Мешітке барып, адамның жыннан қалай тазарғанын көрмесем де, осы мақаланы дайындау барысында Смайыл қажы маған көп көмектесті. Ол кісінің әңгімесін тыңдай отырып, менің біраз нәрсеге көзім ашылды. Смайыл Сейітбектің 2008 жылы шыққан «Иман негіздері» атты кітабын оқыған жұрт біраз нәрсеге қанығар еді.

 

«Бізден басқа тіршілік иелерінің жағымсыз істерінен қорғанудың бірден-бір жолы — Құран оқу және тазалық сақтау», — деген қажы ақ жүректі, адал ниетті пендені жын-шайтаннан періштенің өзі қорғап жүретінін айтты.

 

 

kz.zaman.com.tr/kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста