Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Есімің маңдайыңда жазылып тұр ғой...

  • Көрнекі сурет.   ©ruslar.online

    Көрнекі сурет. ©ruslar.online

Менің атам бұрын-соңды кездеспеген кез келген адамның көзіне қарап тұрып, оның аты-жөні кім екенін дөп басып, тура айтатын. Және ол бойындағы ондай қасиеттің барын ешкімге айта бермейтін.


Алайда атамның шабыты қайтыс болардан 5 жыл бұрын ашылған еді. Оған мына бір оқиға дәлел.


Бірде атам екеуміз Талдықорғандағы өзінің балдызы, менің нағашы апайым Нұржамалдың үйіне бара жатып, жолай қаладағы Қаратал базарынан алма сатып алмақ болып араладық. Талдықорғанға 10 жылда бір келетін Балғабай атам сондағы алма сатып тұрған әр сатушының қасына жақындай бере әр қайсысын өз атымен атағанда олардың таңырқай да, таңқала қарап қалғандары әлі есте.


Бұл шамамен 2004-ші жылы болған оқиға. Ол кезде менің жасым шамамен 14-15-те болатын. Сонда деймін да бір адамның есімін дәл тауып айтса таңқалмас едік-ау, бірақ 10-15 адамның есімін бірінен соң бірін дәл тауып айтып жатса қалай таңқалмайсыз...


Елдің барлығы: «менің атымды қайдан білесіз, қалай біліп қойдыңыз?» деген сұрақтарына: «маңдайыңда жазылып тұр ғой!» деп жымиып қана кете баратын.


Ол кезде ессіз бала болғандықтан ба мен ол оқиғаға аса мән бере қоймаппын. Ал арада жылдар жылжып, айлар өткенде бұл қасиеттің тегін емес екеніне көз жеткізгенімде қатты өкінгенім бар.


Соған қарағанда менің атам адамның маңдайына жазылған тағдырымен бірге есімін де қатар оқитын қасиетке ие болса керек. Ақымақ басым сол кезде атамнан ол қасиеттің не екенін сұрап алуым керек еді. Себебі, дәл қазір атам өмірде жоқ.


Сіз қалай ойлайсыз құрметті оқырман! Бұл не қасиет болуы мүмкін?




Майнұр, Талғар

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 3207    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31