Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Есін жиса қаланың сыртында жалаңаш жүр екен...

  • Есін жиса қаланың сыртында жалаңаш жүр екен...

    Есін жиса қаланың сыртында жалаңаш жүр екен...

Они среди нас.

Түнге қарай тағы бір қорқынышты әңгіме. Талдықорғанда тұрған кезім еді. 90-жылдар. Өзбеков деген құрып қалғыр облыс басшысы болды. Сол жылдары қалада свет жанбайтын. Жылу жоқ. Ақша жоқ. Қала құрыған уақыт. Кеш батса бәрі қап- қараңғы.

Күз болатын. Бір күні қала тұрғындары милицияға хабар берді. Қаратал жақтағы бассеинде бір жалаңаш әйел кешке қарай суға түсіп жүр деген. Ел әрнәрседен үрейленетін уақыт қой, біреудің өтірігі ғой дедік...

Сондай бір қараңғы кеште бір әйел жоғалды. Бассейн тексерілді. Әйел табылмады. Үш күннен кейін жоғалған әйел табылды. Ол өзі бір түні үйіне жалаңаш келді. Түрін көрген күйеуі шошығаннан құлап қалыпты. Шындығын толық білмейміз.. Милиция артынан айтыпты- мыс. Әлгі әйел жұмысынан келе жатқанда алдынан бір ап-арық әйел шыға келеді. Қараңғыда өң-түсін көре алмапты.Бірақ әйел жалаңаш еді.

Сол әйел оны бассейнге ертіп кетіпті. Гипноз сияқты айтқанын істетіпті. Үстіндегі киімдерін шешкізіп, суға түсіріпті. Содан есін жиса ол қала сыртында жалаңаш жүр. Үйіне қалай жеткенін де білмейді. Тек біреу қолынан жетектегені есінде.

Үш күн қайда болғанын да білмейді.

Бұл оқиға тағы басқалармен де қайталаныпты- дейді...

Әйтеуір қыс түскенше ел қорқып жүрді.

Содан ұмытылды.

Қорқыныш деген жаман ғой.

. Бірақ қорыққан да дұрыс. Қорқақ адам сақ болады. Ол бейуақытта қараңғыда жалғыз жүрмейді.


Айгүл Асылбекова-Нөкербаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 8693    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 11:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31