Ғалым: Бүкіл әлем өтіріктің құрбаны болып жүр (видео)

Ғалым: Бүкіл әлем өтіріктің құрбаны болып жүр (видео)

Адамзатқа жасалған қастандықтан құтылудың бір жолы - мәңгілік күнтізбе. Бұл жайында bugin.kz ақпарат көзінің танымдық материалын назарларыңызға ұсынамыз.

 

«Адам баласы дүниеге шындықпен өмір сүру үшін келеді. Ал бүгінгі күні шындықты қабылдауға кім кедергі? Шындық неге ешкімнің құлағына жетпейді? Жетуін жетті-ау, тек ешкім ескермейді. Бұл – адамзат үшін жасалған қастандық. Содан аман қалудың бірден бір кілті – мәңгілік күнтізбе».

 

Дәл осылай бірнеше жыл бұрын «қазақтың мәңгілік күнтізбесін жасадым» деп жаһанға жар салған ғалым Сайлыбай Бекболатов айтты. Жай емес, ызаға булығып айтты. 22 наурызды қазақтың нағыз Жаңа жылы, төл мерекесі дейміз. Алайда, «бұл күнді тек қазақ емес, бүкіл әлем тойлау керек» дейді ғалым. Сайлыбай Бекболатовтың көзі жеткен, жаһанға көз жеткізген дәлелдемелерін, өзі айтқан шындығын тағы бір тыңдаған едік.

 

Халықаралық акмеология ғылымының академигі бұл жобаға 20 жылға жуық уақытын арнады. Күнтізбенің ерекшелігі – 13 айдан тұрады және әр айды 28 күн құрайды. Он үш айдан тұру себебі, Жер планетасы Күнді айналу жолында 13 шоқжұлдыздың жанынан өтеді. Ал, Ай біз ойлағандай 30 күнде емес, 28 күнде толады деп келтірді ғалым. Демек, әр ай дүйсенбіден басталып, жексенбіден бітеді. Күнтізбенің «мәңгілік» аталуының сыры осында. Тіпті, мұны адамзат үшін ең тиімдісі әрі жеңілі деп есептейді. Мәселен, күнтізбені бір құрастырған соң оны қайта-қайта жыл сайын жаңарту керек емес. Ғалымның бұл жобасы Кембридж университетінде дүниежүзінің атақты 40 ғалымының алдында қорғалып, дәлелденген. БҰҰ мақұлдап, ғалымдарымыз патент алып та үлгерді. БҰҰ күнтізбені өзге мемлекеттерге ұсынды, бірақ, оны орнату әлі күнге дейін ешкімнің қолынан келер емес немесе ешкімнің құлқы жоқ дейді ғалым.

 

Григорян күнтізбесінің қателігі

 

«Жаңа жыл – табиғат жаңаратын, тіршілік иесі оянып, жаңа өмірге қадам басатын, ағаш бүр жарып, гүлін ашатын уақыт. Бұл жыл бүкіл әлемде бір ғана уақытты көрсетуі тиіс еді. Ол – 21 наурыз», - дейді Сайлыбай Бекболатов.

 

Қазіргі таңда дүние жүзінде күнтізбенің бірнеше түрі бар. Олар бойынша жыл санаудың басы да әр қилы. Батыс жылды Иса пайғамбардың туған күнінен бастайды. Қытай, Жапония және Вьетнамда Жаңа жыл 13 қаңтар мен 24 ақпан аралығында, Израильде 6 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тойланады. Григоряндық күнтізбе бойынша бір жылда 365-366 күн бар, ал мұсылмандық күн санау бойынша 354 күн бар.

 

«21 наурыз – күн мен түннің теңелген кезі. Сол түн мен күннің теңелген кезін дүние жүзі календарь есебінің координатаның нүктесі деп қабылдап қойған.

 

Қазақ күнтізбесі күн мен түннің теңелген кезінен басталады. 13 айдан тұрады. Наурыз айында 29 күн, қалған 12 айда 28 күннен. Жаңа пайда болған айдың атауы – «Жыланды». Ай санының 13 болуы барлық жағынан қолайлы. Ондағы әр айдағы күндер аптаның бірінші күнінен басталады. Жылдың әр мезгілі, әртүрлі даталар, жүргізілетін шаралар жыл сайын бір күнге келіп отырады. 12 айлық календарда апта бір айда басталып, келесі айда бітіп қалады», - дейді ғалым.

 

Ғалымның пікірінше, күннің нөлдік нүктеден айналып, бір тәулікке бару үшін бір айналып шығу керек емес пе бірге жету үшін. Соны жоғалтып алған. Қайтіп жоғалтқан? Нөлдік координатаны алмай, нөлдің орнына бір деген цифрды қойып қойған. Сөйтіп, бір күн жоқ болып кетіп отыр.

 

«1 қаңтарда жер қарға оранып жатады. Тіпті, оның ешқандай мәнісі жоқ екенін табиғат та адамзатқа аю арқылы көрсетеді емес пе? Үш ай бойы тапжылмастан қардың астында аю ұйықтап жатқанда, қандай жаңа жыл, жаңа өмір?», - деп түсіндірді ғалым.

 

Қисынға келетін дәлел. Академик ағамыз әрі қарай еңбектеніп дәлелдеп шыққан жобасы бір жүйеге енгізілсе, барша халық қолдау білдірсе, одан бұрын ғалымның еңбегіне өз елі қолдау білдірсе, «Мәңгілік қазақ күнтізбесі» қолданысқа енуі ғажап емес.

 

Өтіріктің құрбаны болып жүрміз...

 

Ғалымның пікірінше, бұл календарь қабылданса, қазақтың аты әлемге танылар еді. «Қазақстаннан шыққан ғалым дүние жүзіне ортақ күнтізбе жасапты» деген жаңалық планетамызды түгел шарлар еді. Себебі ортақ күнтізбе әлемге керек. Ал Сайлыбай Бекболатов «мәңгілік күнтізбенің» қабылданатынына шүбә келтірмейді.

 

«Бұл күнтізбе әлемге керек. Маған емес!» – деп ашынды ол. Бүгінгі таңдағы күнтізбелердегі қателікті түзету процесін бүкіл әлем болып көтеріп отыр. Сол үндеуді ескерген Сайлыбай Бекболатов күнтізбедегі қатені іздеді, тапты, ұсынды. Оны дүниежүзінің ғалымдары мойындағанымен, енгізуге ешкімнің құлқы жоқ. Өйткені дәл сондай ғалымның Қазақстаннан шыққанына сенгілері келмейтін де шығар?! Ол жағы бізге беймәлім.

 

Ауыл шаруашылығы саласында білім алып, сол бағытта еңбек еткен жанға әлем тұрмақ, өз елі күмәнмен қарайды. Алайда Бекболат Сайлыбаев ғалым болу үшін арнайы білім алудың қажеті жоқ дейді, тек табиғаттың адамзатқа берген шындығын көрсе болғаны.

 

«Мен ғылым жолындағы адаммын. Бәрін табиғаттан іздеймін, ойымнан ештеңе қоспаймын. Нөлдік нүктені де шығарған мен емес. Ол бар дүние, ашылған дүние, тек біреу соны табуы керек еді. 2000 жыл бұрын сандық жүйе болмаған. Содан кеткен қателікті түзетудің орнына, өтіріктің құрбаны болып әлі жүрміз», - дейді Бекболатов.

 

Ғалым шындық үшін өмірінің соңына дейін күресуге дайын. «Мені көтеретін – тек қана шындық!» - дейді. Айта кетейік, Сайлыбай Бекболатов қойшының оқуын бітірген. Ал ғылым жолына оны табиғаттың өзі жетелеген.

 

«Әуесқой аудиторияға арналған...»

 

Сайлыбай Бекболатов бұл жаңалығын 2009 жылы ең әуелі ҚР Білім және Ғылым министрлігіне ұсынған. Сондағы министрліктен келген жауап көңіл көншітерлік емес еді. «Сіздің ұсынған «Мәңгі қазақ календары» жобасы жаратылыстану ілімдерінен басқа, діни мәтіндері «Библия», «Құран», «мифологиялық сюжеттермен қоса, сондай-ақ Қазақстан тарихы мен Халық фольклорының деректеріне сүйеніп жасалған. Әрине, жоба қызығушылық танытады, алайда, қоғамдағы тұрақталған жүйені бұзатындықтан «күнтізбені» практикада қолдану мүмкін емес. Сондықтан бұл жұмысты ғылыми-танымдық кітап ретінде әуесқой аудитория үшін ұсынуыңызға болады», - деген жауап келді министрліктен.

 

Алайда, мұнымен Сайлыбай Бекболатов тоқтамайтынын айтты. Себебі, шындыққа түбі бәрі мойынұсынады. Сөз соңын ғалым былай қорытындылады:

 

«Өтіріктің алдында құл болып жүгіргенше, өлгенің артық. Шындықты көріп тұрып айта алмаған мемлекеттің де, ондай басшының да келешегі бар деп айту қиын. Халықты жетелейтін басшы болса, сол басшыны жетелейтін – шындық. Шындық үшін күресу – әрбір адамзаттың міндеті».

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

islam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста