Ғарышта тіршілік бар ма?

Ғарышта тіршілік бар ма?

Өткен ғасырда адамзат баласы тұңғыш рет Жер орбитасынан ұшып шығып, ғарышқа сапар шекті. Содан бері жүздеген жер серіктері ғарышқа сапар шегіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен де, қазіргі ғылым Жерден өзге планеталардан тіршілік ізін таба алмады. Бірақ бұл басқа планеталарда тіршілік мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Өйткені, шеті-шегі жоқ кеңістікте қалқып жүрген аспан денелері де шексіз көп.

 

Америкалықтардың Айға сапары

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында американдық астронавтар тұңғыш рет Айдың бетіне қонды. Дегенмен де, қазіргі күнге дейін бұл мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікірлер көп. Біреулер американдық ғарышкерлер Айда болды десе, екіншілері бұл жәй халықты алдау деп түсіндірмек болады. Американдықтар Айда болды ма, жоқ па, бұл мәселе маңызды емес, ең бастысы – адамзат баласы ғарыштағы аспан денелеріне сапар шегуге ұмтылуда.

Қазіргі ғылым Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бәрінде де дәл Жердегідей тіршілікке қажетті жағдай жоқ, сондықтан оларда тіршілік жоқ дегенді айтады. Бірақ бұны бірден-бір ақиқат пікір деп санауға болмайды. Өйткені, біздің ғылым ойлап тапқан құралдардың өзімен көріп-сезіне алмайтын жайлар жетерлік. Біз тек материалдық өлшемдегі нәрселерді ғана көріп, сезіне аламыз. Ал материалдық емес немесе өте нәзік формадағы тіршіліктер де бар.

Үнді халқының ежелден келе жатқан атақты жыры Махабхаратада Виман деп аталатын ұшатын құрылғы арқылы сол заманда-ақ адамдардың өзге планеталарға сапар шегетіндігі жайында айтылады. Ұлы данышпан Вьясадеваның ұлы Шукадева Госвами Айға сапар шегіп, онда біраз уақыт тұрады. Шримад Бхагаватам кітабында Ай жұмақ планеталарының санатында және онда тіршілік иелері 10 мың жыл өмір сүреді, ауруды, қартаюды, шаршауды білмейді дейді.

Сол Шукадева Госвами кейнірек Күнге де сапар шегеді. Біз үшін Күн мыңдаған градус ыстық отты шар. Шындығында онда тәндері күн элементінен тұратын тіршілік иелері өмір сүреді дейді Шримад Бхагаватам кітабы. Сурья деп аталатын жарымқұдай, яғни періште патшалық ететін Күндегі тіршілік біз үшін жұмақ сияқты.

 

Жердегі бөгде планеталықтар

Жер бетінде өзге планетадан келген келімсектердің болғандығы туралы деректер өте көп. Христиандардың қасиетті кітабы – Інжілде Енох деген пайғамбарды бөгде планеталықтардың көктен отты күймемен келіп отырғызып, алып кеткендігі әңгіме болады. Осы Інжілде Жер бетінде ерте заманда адамдармен қатар тұрған жарымқұдайлар туралы әңгіме бар. Қазақ ұғымында періште аталатын жарымқұдайлар өзге планетадан ұшып келген келімсектер болса керек. Олар алғашқы кезде адамдардан бөлек тұрып, оларға ғылым-білімді үйретсе, кейін келе жарымқұдайлардың балалары Жер қыздарына үйлене бастайды.

Виктор Коршнуов деген ресейлік азамат 1980-ші жылдары Перьмдегі аномалиялық аймаққа бірнеше достарымен барып, сонда түнеп жатқан кезінде бөгде планеталықпен байланысқа түседі. Бұл байланыстың ақыры жалғаса келе, Коршунов өзге планеталықтардың Жерден миллиардтаған шақырым қашықтықтағы отандарына саяхаттап барып қайтады, тіпті сонда біраз уақыт тұрады да. Бұл туралы Коршуновтың өз аузымен айтылған видеомәлімдемесі ютуб каналында жарияланған.

Жалпы, бөгде планеталықтардың өздерін ғарыш кемесіне мінгізіп, алып кеткендігі, тәндеріне тәжірибе жасап көргендігі туралы айтып жүрген адамдардың әңгімелері жайында көп мәліметтер бар. Олардың қаншасы рас, қаншасы ойдан шығарылғандығын кім білсін, дегенмен, «жел болмаса, шөптің басы қыймылдамайды» демекші, өзге планеталықтардың Жерге әлсін-әлсін ұшып келіп, тіпті Жер адамдарымен байланысқа түсіп жататындығы шындық болса керек. Өйткені, мұндай әңгімелер жиі айтылады.

Жер шарының әр өңірінен көрініп қалатын ұшқыш табақшалар жайында БАҚ аз айтып, жазып жүрген жоқ. Сондай табақшалардың бірі 2000-ші жылдардың басында Астана аспанында да көрініпті. Ол туралы қалалық газетте көлемді мақала да жариаланған болатын. Яғни, өзге планетадан ұшып келген ғарыш кемелерінің әр жерден көрініп жүретіндігін теріске шығаруға болмайды.

Осы арада мынадай сауал туындайды: егер ғарыш кемелері Жерге үнемі ұшып келіп жатса, бөгде планеталықтар Жер адамдарымен байланысқа шығып тұрса, онда бұл жай неге ресми түрде мәлімделіп, жалпақ жұртқа белгілі болмайды?

Бұл арада мәселе мемлекеттерді басқарып отырған саясаткерлердің ұстанымында болса керек. Американдықтар, тіпті ғарыш адамдарымен әлдеқашаннан бері байланыс жасап, бірлесе жұмыс істеп келеді екен деген сөз бар. Кезінде КСРО басшылығының да бөгде планеталықтармен байланыс жасағаны жайында мәліметтер кездеседі. Дегенмен де, бұл мәселені саясаткерлер аса құпия сақтап, қара халықтың назарынан аулақ ұстап келеді. Не үшін бұлай жасалады, ол белгісіз. Бәлкім, бұның астарында біз білмейтін басқа да құпия сырлар бар шығар, кім білсін?!

 

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста