Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Гипноздалған бейнероликтер

  • Гипноздалған бейнероликтер

    Гипноздалған бейнероликтер

Ислам дінінің атын жамылған уағызшылардың бір бейнеролигін тыңдаған соң елігіп, сондай роликтерді іздеп жүріп көретін дәрежеге жеткен, соңында ата-ана, туыс-бауырларын тыңдамай Сирия асып танымайтын сақалдыға тұрмысқа шығып кетпек болған бір қазақ қызының бастан кешкендері жайында қазақ тілді басылымдарда жазылды. Ол гипноздалған бейнероликтер тыңдап, соның ықпалымен еркінен тыс осындай әркетке барған екен.


Ислам неге сыйқыршылықты айыптайды


Ислам дінінде сыйқыршылық, яғни гипноз деген тозаққа түсіретін ауыр күналардың бірі болып саналады. Егер осының астарына ой жүгіртіп қарар болсақ, сыйқыршылықтың адамдарға өте үлкен залалы бар екендігін бағамдауға болады. Өйткені, гипноз арқылы адамның ақыл-есінен айырып, неше түрлі жаман нәрселерге еріксіз мәжбүрлейтін жайлар өмірде жиі кездесіп жатады.


Бір жерде тұрақтамай, үнемі көшіп-қонып жүретін сығандардың арасында гипнозбен айналысатындар көп кездеседі. Бір ағайымыз бірде пойыздың үстінде әлгіндей сығандармен кездесіп қалыпты. Өзі аздап ішіп алған ол әлгілердің бірінің «қане, карта ойнайық» деген ұсынысына келісе кетіпті.


Содан, сығанмен карта ойнадым, -дейді ағайымыз.-Қалтамда біраз ақшам болатын. Қызылордаға бір шаруалармен барып, енді үйге қайтап келе жатқанмын. Қолым жүріп, ақшаны қайта-қайта ұтамын. Ұтқан ақшаны уыстап қалтама саламын. Қызылордадан Шиеліге дейін пойыз екі сағат жүреді. Сол уақыттың қалай өткенін білмей қалыппын. Қалтам толы ақша, өзім мәзбін. Содан пойыздан түсіп үйге келгесін қанша ұттым, көрейін деп қалтама қолымды салсам, түк те жоқ. Ұтқан ақшам да, өз ақшам да зым-зия жоғалыпты.


Көшеде отырып, картамен бал ашатын сығандарға бал аштырғандардың көбі белгісіз себептермен ақшаларынан айрылып жататын жайлары жиі кездеседі екен. Тіпті, ондайлардың бастарын айналдырып, гипноздап алған сыған әйелдері әлгілерді үйлеріне барып, сақтаулы ақшаларын түгел қолдарына әкеліп беруге мәжбүрлейтін жайлар да орын алған. Бұның бәрін адам еркінен тыс сыйқырдың құдыретімен жасайды.


Қазір гипноз техникасы қолжетімді


Бүгінде интернет арқылы қалаған нәрсеңді тауып алуыңа болады. Бұрын құпия саналып, санаулы адамдардың ғана қолынан келетін гипноз техникасы қазір интернет арқылы әлемге таралып кетті. Сондай кітаптар мен нұсқаулықтарды пайдаланып, арам жолға түсетіндер қатары жыл сайын көбейе түсуде.


Бетпе-бет кездескен адамды сыйқырлауды қойып, енді гипноз техникасын пайдаланып электронды пошта арқылы хат хазу, бейнероликтер түсіру де кең белең алуда. Мен біраз уақыт интернет бизнес дегенмен айналысып көрдім. Сол тұста бір курсты сатып алған едім. Онда автор гипноздалған хат нұсқаларын ұсыныпты. Әлгіндей хаттарды жібергенде, оны алған адам еркінен тыс сен ұсынған тауарды сатып алады екен. Бұндай сыйқырлы хаттарды пайдалануға дәтім бармады.


Қазір блогерлер арасында гипноздау техникаларын жетік меңгергендер аз емес. Ондайлар ақша үшін әлгіндей сақалды сәлафиттерге арнап сыйқырланған, бейнероликтерді түсіріп береді. Ондай бейнероликті бір көрген адам, әсіресе ақыл-санасы толық қалыптаспаған жасөспірімдер тұзаққа қалай түскенін сезбей қалады. Оның ақыры әлгі жасқа да, оның отбасына да үлкен бақытсыздық әкелетіні анық.


Түйін: электронды поштаңызға келіп жататын хаттарға сақтықпен қараңыз, өзіңіз білетін, сенімді авторлардың болмаса, оңай жолмен ақшаны қаптап табасың дегендердің сөзіне елікпеңіз. Әсіресе, дін тақырыбындағы бейнероликтерге аса сақ болғаныңыз жөн. Теріс ағымның уағызшылары тәтті тілмен алдап, ислам дінін алға тарта отырып, арамза пиғылдарын жүзеге асыруға тырысып бағады. Осыған орай, қазіргідей алмағайып кезеңде қазақтың «сақтықта қорлық жоқ» деген нақылын ешқашан естен шығармаған абзал.


akikat01.com




Көрілген: 1180    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.12.2018, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30