Гуамда көгінде НЛО байқалды

17 сәуір 2022, 11:10

Гуамда белгісіз ұшатын нысан аралдың үстінен біртүрлі қимылдармен өткен. Оқиға куәгерлері оны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Видеоның сипаттамасында куәгерлердің айтуынша Тынық мұхитының батысындағы оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Гуам аралындағы Инараджан муниципалитетінің үстінен аспанда ақ және дөңгелек НЛО қалықтаған.

 

Желі қолданушылары ұшатын нысанның оғаш әрекетіне таң қалды.  Кейбіреулер НЛО аспанда ұшып бара жатқанда үрленіп, анда-санда жерге жақындап, кейін алыстап, ақ жарық нүктеге айналатын "үлкен шарға" ұқсайтынын атап өтті. Ал кейбірі аспандағы белгісіз аппаратты спутник деп болжайды.

 

Испанияның отарлауы кезінде Гуам аралы Мариан аралдарымен бірге АҚШ-тың иелігіне өткен.

 

Кейбір деректерге сәйкес аралдың бір аймағында бір кездері NASA Аполлон бақылау станциясы болған.