Ханкөл шындығы: Аспаннан адам сұлбасы көрінді

Ханкөл шындығы: Аспаннан адам сұлбасы көрінді

Тылсым күштер біз үшін қашан да жұмбағы мол тақырып. Жуырда ғана жұртты шошыттан Ханкөл ауылы төңірегінде де төбе құйқаңды шымырлататын алып-қашпа әңгіме көп. Ал шындық қайсы? Елдімекенді расыменелес кезіп жүр ме? Әлде бұл ел аузындағы аңыз ба?

 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Адамзат үшін параллельді өмірдің құпиясы әлі де жұмбақ. Бізді қоршаған ортада белгісіз бір тылсымның бары рас.

 

Ханкөл десе, ел-жұрт қазір бірден елес кезген ауылды еске алады. Иә, елдімекенде белгісіз бойжеткеннің аруағы жүр деген қауесет желдей есіп, зәре-құтымызды қашырғаны бар.

 

Екпін Тінәлиев, Қаратөбе ауылының тұрғыны:

 

- Азамат дейтін жігіт бар екеуміз Ханкөл ауылына Ақтөбе-Орал трассасы бар ғой. Шиелі өзенінің жанынан тіке түсетін жер бар. Ханкөл дейтін ауылға. Сол кезде 100 метрдей жерден аспанға бірдеңе көтерілді. Сосын мен Азамат дронды қара дедім.

 

Бірақ, жолаушылар жақындай келе, қарайған бейне адам сұлбасына ұқсай бастайды.

 

Басқа әңгіме айтып келе жаттық. Бірақ менің екі көзім жаңағы қара нүктеде. Аяғы бар екенін көрдім. Ары қарап тұрғанда анық беті көрінбеді. Жақындай түскенде анық сұлбасы екенін байқадым. 30 метрдей қалғанда анық адам екенін көрдім да, сұлбасын. Біз жақындағанда білді ме, тап сол биіктіктен, Ханкөл ауылына дейін бұлтпен кетті.

 

Бір қарасаң, өтірік бір кісілердің ақымақ қылып жүрген нәрсесіне ұқсайды. Шын мәнісінде бар ма деп ойлап қаласың да, өйткені біз бала күнімізде еститінбіз. Сол жерде шығып жатыр деген секілді. Бір үй бар ғой иесіз.

 

Ауылдың үлкендері болса, бұл тылсымды елес деуге ауыз бармайды дейді. Осы маңға жерленген аруақты кісілердің рухы деген пайым шындыққа жақын деп отыр.

 

Беркін Оразов, Ханкөл ауылының тұрғыны:

 

- Мына жерде мешіт бар. Осы мынау қасында. Досжан деген Қазаннан оқып келіп, мешіт салады. Балаларды оқытады. большевиктер келгенде маған хабар беріңдер деген. Ол уақытта молдаларды өлтіреді. Қырады дегенді естиді ғой. Мал бағып жүрген біреу 1-2 аттыны көріп, большевик емес. Шауып кеп келіп калды деген гой. Сол кезде құбылаға қарап отырып, менің жанымды ал деген екен. Жаны шығып кетіпті дейді.

 

Талап Қазиев, Жусандыой ауылдық округінің әкімі:

 

- Аудандық білім беру бөліміне Қостанайдан зат алып келе жатқан КамАЗ біздің елдімекенге келгенде тоқтап, машинамды бір елес жүргізбей келе жатыр деп. Содан ауылдың кісілері жолығып, ауданға дейін жеткізіп тастап, ауданға мешіт имамына барғанда әлі кетпей тұр деген әңгімелер болды иа. Имамның оқуын оқығаннан кейін кетті деп.

 

Ауыл-аймақ биыл жылдағы дәстүрден жаңылды. Пандемияға байланысты жыл сайын шалынатын құрбандық кешуілдепті. Жоқ. Елесті аластау үшін емес...

 

Талап Қазиев, Жусандыой ауылдық округінің әкімі:

 

- Ауылымызда өзі әуелден дәстүріміз бар. Халқымыздың амандығы үшін жылда бір малды құрбан шалып, садақа жасайтын едік. Биылғы жылы пандемияға байланысты сол жасалмай жақын арада елдің амандығы үшін берді.

 

Ханкөл ауылында биыл шөп бітік шыққан. Тіпті шаруалар қар түскенше жинап үлгермепті. Одан қалды Батыс Қазақстандағы індет жетпеген жалғыз ауыл бұл. Тұрғындардың түгелі ауру-сырқаудан дін аман. Тек елес туралы түрлі алып қашпа әңгіме жұрттың мазасын қашырған. Бір анығы, тылсымға терең бойлай берген сайын, төбе шашың тік тұрып, ойлай бересің.

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/Z4SFO2bj51g" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe> 

kaz.zakon.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста