Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Хеопс пирамидасының құпиясын ашатын жәдігер табылды

  • Хеопс пирамидасының құпиясын ашатын жәдігер табылды

    Хеопс пирамидасының құпиясын ашатын жәдігер табылды

Мысырдағы Хеопс пирамидасының құпиясын ашатын жәдігер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл - балқарағайдың бөліктері. Ол 70 жыл бойы сигараның астында елеусіз жатып қалған. Ағашты Шотландиядағы Абердин университетіне инженер Уэйнман Диксонның ұрпағы тапсырған. Аталған инженер ежелгі ағашты Хеопс пирамидасындағы патшайымның қабірінен 1872 жылы тапқан. Дерек бойынша «құрылыс кезінде балқарағайды пирамиданың түбін бекіту үшін пайдаланған» дейді. Мұны жақында жасалған радиокөміртектік анализ нәтижесі де дәлелдеп отыр. Яғни, ағаш жәдігер осыдан 5 мыңдай жыл бұрын пайда болған. Анығын айтқанда, бұл балқарағай 3341 және 3094 жылдар аралығында Мысыр даласында өскен. Ал Хеопс перғауынның қабірі одан кейін 500 жылдан соң салынған деп келген болатын.

- Қорапта жазылған нөмірді қайта жазып, мұрағаттағы деректермен салыстырдық. Сол кезде оның жылдар бойы таптырмай келген жәдігер екенін бірден түсіндім. Өте қуаныштымын. Себебі бұл өте маңызды зат қой -  дейді Абердин университеті кураторының ассистенті Абир Эладани.

Ағаштың жасын анықтаған мамандар енді оның пирамида құрылысында қолданылғанын дәлелдеуі керек. Басқа бір нұсқа бойынша балқарағай бөлігі перғауынның қасына көмілген көне ескерткіштің қалдығы болуы мүмкін. Мұның ақ-қарасын алдағы зерттеу анықтайды.

24.kz




Көрілген: 7072    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31