Жаһандық жылынудан құстар «ажырасып» жатыр

11 қаңтар 2022, 14:01

Серігіне адал болып келетін Фолкленд аралындағы альбатростардың мұхиттағы су әдеттегіден гөрі жылығанда жұбынан екі есе ажырайтыны белгілі болды.

 

Аталмыш популяциядағы құстардың шамамен 4%-ы ажырасқан. Ұрпақ өрбіту қабілетінің төмендеуіне байланысты.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Science News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Негізінен климат өзгерісінен олардың тіршілік ету ортасының нашарлауына байланысты олардың ажырасу көрсеткіші 8%-ға дейін артуы мүмкін екенін алға тартады ғалымдар.

 

Орнитологтар 2004 жылдан 2019 жылға дейін қара қасты альбатростардың үлкен тобын қадағалаған екен. Бұл топта 424 ұрғашы құс болған. Олардың балапандары жұмыртқа жармаса, өз серігін тастап кету қатері бес есеге артқан.

 

Десе де кейбір жылдары олардың ажысару көрсеткіші тіпті 1%-ға да жетпеген. Әлемдік мұхиттың орташа температурасы өскен сайын аталған құстардың ажырасу көрсеткіші де артады. Бұл көрсеткіш те, температура да 2017 жылы максимум деңгейіне жеткен.

 

Соңғы жылдары температура сәл төмен түскендіктен олардың ажырасу көрсеткіші де кеміген.

 

Бұл феноменнің сыры, біріншіден, жылы суда альбатростардың жемтік іздеуі қиындайды, өйткені, олардың азығы болып табылатын балықтар күн ысыған сайын тереңге кетеді. Екіншіден, ауа райының қолайсыздығынан (мәселен, аптап ыстықтан) албъбатростар стреске ұшырайды.