Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жалдамалы пәтердегі түсініксіз жайт

  • https://izhlife.ru/

    https://izhlife.ru/

90-шы жылдардың соңы болатын. Ауылда жұмыс болмаған соң, баламызды әке-шешемізге қалдырып, әйелім екеуміз қалаға жұмыс іздеп келдік. Әйелімнің мамандығы медбике. Мен трактористпін. Қалаға келген соң тұрақты жұмыс табылмады. Әйелім көрші-қолаңға, таныс-біліске укол салып, тиын-тебен тауып жүрді, ал мен қаладағы «құл базарға» шықтым. Бір күн жұмыс бар, бір күн жұмыс жоқ, әйтеуір ілініп-салынып күнелтіп жүрдік. Тапқан табысымыздың жартысы пәтер жалдауға кетеді.

 

Арадан 4-5 ай өткенде ауылға бардық. Кешке туған-туыс бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, мәре-сәре болдық. Әңгіме арасында қалада пәтер жалдау қымбат екенін, табысымыздың жартысы соған кететінін айттым. Ондағы ойым немере ағам балаларға деп алып қойған, қаладағы бос тұрған пәтерін уақытша бере ме деген үміт. Немере ағамның қаладағы пәтері бос тұрғанын бұған дейін анам айтқан болатын. Үмітім ақталды. Немере ағам «бос тұрған пәтер тозып кетеді және бос екенін білсе, біреу-міреу тонап кетуі де мүмкін, сондықтан сол пәтерге тұрыңдар, тек комуналдық төлемін уақытында төлеп, дұрыстап ұстасаңдар болды» деп келісімін берді.

 

Келесі күні жол-жөнекей немере ағамның үйіне соғып, пәтердің кілтін алып қалаға атттандық. Қалаға келген соң бұрынғы тұрған жалдамалы пәтердегі заттарымызды таксиге салып, ағамның пәтеріне көшіп бардық. Біраз уақыт бос тұрғандықтан ба, үйдің іші жұпыны болып кетіпті. Екі күн үйді тазалап, сылап, сырладық. Ертеңінде жұмысқа барып кешке үйге келсем, әйелім терезеге перде тұтып, еденге кілем төсеп, үйді реттеп қойыпты.

 

Арадан бір апта өткенде, түн ортасында әйелімнің «биссимилла, биссимилла» деген даусынан шошып ояндым. Әйелім екі тізесін бауырына қысып алып, бүктетіліп алған, сыбыр-сыбыр етеді. Түс көріп жатыр ма деп қарасам, көзі ашық, ояу жатыр. «Не болды» десем, «тыңдашы ана бөлмеде біреу бірдеңені дырылдатып сүйреп жүр» дейді. Демімді ішке тартып, тың тыңдадым, ешқандай дыбыс жоқ. Тышқан шығар деп әйелімді жұбаттым.

 

Келесі күні түнде бұл жағдай тағы қайталанды. Әйелімнің күдігін сейілту үшін тұрып, шамды жағып көрші бөлмені барып қарадым. Тым-тырыс.

 

Үшінші күні түн ортасында әйелім оятты. Тағы тың тыңдадық. Бір мезет расымен де көрші бөлмеден біреу дырылдатып бірдеңе сүйреп жүргендей дыбыс естілді. Тышқанның тысырына ұқсамайды. Сонда да әйелім қорқып қалмасын деп, орнымнан тұрып шамды жағып, көрші бөлмені аралап келіп қайта жаттық. Көңілдегі күдікті сейілту үшін ертеңінде жұмысқа бармай, үйді тексеріп шықтым. Ондағы ойым тышқан кіретін тесік болса, цементпен бекітіп тастау, тышқанға қақпан қою. Бірақ үйден тышқан да, тышқан кіретін тесік те таппадым. Сонан күдігім үрейге айналды. Бірақ әйеліме сездіргем жоқ. Сол күні түн ортасына дейін кірпік ілмедім. Байқаймын, әйелім де ұйықтай алмай төңбекшіп жатыр. Түн ортасында сол дыбыс қайта басталды. Сол күні шамды жағып қойып, түнді ұйқысыз өткіздік.

 

Таң атқан соң мешітке бардық. Имам аруақтарға арнап құран оқыту керек екенін айтты. Құран оқыттық. Адыраспан түтетіп, үйді аластаттық. Содан кейін бір апта тыныштық орнады. Енді көңіл жайланып, ұмыта бастағанда, бір күні баяғы дыбыс қайта басталды.

 

Тағы мешітке бардым. Имам күнде құран оқып отыруды тапсырды. Өзім құран оқи алмағандықтан, мешіт алдынан құран жазылған касета сатып алдым. Жатар уақытқа дейін құран жазылған касетаны қосып қойдым. Сол күннен бастап дыбыс тыйылды. Арадан бір айдан астам уақыт өткенде баяғы дыбыс қайта басталды.

 

Қойшы, сонымен ол пәтерден кетуге мәжбүр болдық. Болған жайды ағама айтып, пәтер кілтін қайтарып бердім. Сөйтсем, сол пәтерде бізге дейін тұрғандар да бөтен дыбыстың маза бермейтінін айтып, бір ай да тұрмай көшіп кетіп жүрген екен. Алайда ағам оларға сенбеген. Біздің басымыздан өткен жағдайдан кейін ағам ол пәтерді сатты.

 

Бұл оқиға туралы мүлде ұмытып кеткен едім. «Алаш айнасынан» осыған ұқсас оқиғаларды оқығанда, өз басымнан өткен сол бір жағдай есіме түсіп, хат жолдауды жөн көрдім.

 

Достарыма айтсам, бірі шайтан десе, енді бірі «домовой» дейді.

 

Не екенін қайдам, бірақ бір тылсым күштің бары анық.

 

 

 

Автор: Сәрсенбек Тағабаев, Оңтүстік Қазақстан облысы

alashainasy.kz

 

 

 

 




Көрілген: 9249    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.12.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31