Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жас қыз дуалаған Мұрат Қожа бір өлімнен аман қалған

  • © beewoman.ru

    © beewoman.ru

"Нұрлан мен Мұрат" тобының әншісі Мұрат Қожа студент кезінде өзін бір бойжеткеннің дуалап, өлімнен аман қалғанын жеткізді. Әнші өзінің басынан өткен оқиғасын "Хабар" арнасының "Қарақатпен шай" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Әншінің айтуынша, ол жатақханада тұратын бір қыздың жанынан еріксіз шыға алмай қалған.



"Студент кезімде бір қыз дуалап, өліп қала жаздағанмын. Дуаны қайтарамын деп, үш күн ауырдым. Оны қасымдағы балалар байқап қойған. Жаңағы достарым жиналыс жасап, жатақханаға мені шақырады. Ал мен пәтерде тұрамын.

Барсам, курстастарым "Саған бірдеңе болып жүр. Бізбен баяғыдай сөйлеспейсің. Жұлдыз ауруымен ауырдың ба? Әлде жаңағы қызға басың айналып жүр ма?" деді. Шынымен ойланып қалдым. Расымен әлгі қыздың бөлмесінен шықпаймын. Соған келе беремін. Өмірі жатақханаға келмейтін адам, сол жерде көп келіп кеттім.

Достарымнан "Оны қайдан білдіңдер?" десем, олар жаңағы автобустан түсіп келе жатса, карта ашатын орыс әйел өздеріне шақырып алыпты. "Балалар, маған жақындаңдар" деп шақырып алып, "Сендердің достарың қиын жағдайға тап болыпты. Марат немесе Мұрат есімді жігіт. Соны тауып, маған алып келіңдер" деп айтыпты.


Мен "Алыстағы кемпір мені қайдан біледі. Сендер ойдан шығарып отырсыңдар" деп, соңында айқайласып-қырылысып мені алып барды. Әлгі кемпір алыстан тұрып, "Сен ба, Мұрат. Алыстан басыңнан қара түтін шығып келе жатыр" деді. Бәрібір сенбейсің ғой. Баламыз ғой. Мені үйіне алып барып, кітабын оқып, жарықты өшіріп, май шам жағып қойды", - дейді әнші.


Дуа қайтаратын рәсімнің бәрі атқарылып біткенде, әжей Мұрат Қожадан дуаны қызға қайтару немесе қайтармау жайлы сұраған.


"Бірін жасап болғаннан кейін "Дуаны қызға қайтарғың келеді ме?" деді. Мен "Оған не болады?" дегенімде, "Ештеңе болмайды. Ауырады. Саған жасағанына өкінетін болады" деді. Мен келістім. Сосын ол кісінің айтқандары тура келіп, бастырылып ауырдым.

8 наурыз күні бәріміз жатақханаға жиналғанда, мен әлгі қыздың ауырғанын көрдім. Тізерлеп алдыма отырып, "Қазір кешірмесең, өлемін" деді. Мен дуаның барына сенемін", - деп ағынан жарылды әнші.


 




Көрілген: 2180    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 23:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30