Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жәукенді ертіп әкеткен қыздар...

  • https://www.youtube.com/watch?v

    https://www.youtube.com/watch?v

Атам Байтөлеу өмір бойы мектеп директоры болып жұмыс істеген. Математикадан сабақ берген ол кісі 1985 жылы еңбек демалысына шығып, 1998 жылы 76 жасында өмірден озды.

 

Көзі тірісінде атам небір қызықты әңгімелер айтып отыратын. Бес бала тәрбиелеп өсірген ол кісі жетпісінші жылдары Жәукен есімді тұлдыр жетімді үйінде бірнеше жыл паналатыпты.

 

Жәукен сол кездері жиырмадан асқан жігіт екен. Сау болғанымен, басында бір ақау болса керек. Әйтеуір, ешкімге зиянын тигізбей, үй шаруасына көмектесіп, малды бағып келеді екен. Жаз келсе Жәукен үйге емес, шатыр үстіне төсек салып ұйықтайтыны бар болыпты.

 

Жаздың жайма шуақ күндерінде атам қаперсіз ұйықтап жатса Жәукен келіп оятыпты. Түн ішінде неге оятты деп жақтырмай қараған атама ол: «Байаға, интернатқа ұры түсіп жатыр. Жүріңіз барайық!», - деп ертіп алады. Атам қолына мылтығын алып оған еріп мектепке келсе, ұрылар интернат қоймасының қабырғасын тесіп үлгергенімен ештеңе ұрлай қоймаған екен. Атам аспанға мылтық атып, ұрыларды үркітіп, тесілген қабырғаны таспен бекітіп, Жәукен екеуі кері қайтады. Қайтар жолды атам «ұры түскенін қалай білдің?», - деп сұраса ол: «Білмейім, ұйықтап жатсам біреу «Жәукен, несіне ұйықтап жатсын? Тұр, мектепке ұры түсіп жатыр», - деп оятады. «Не болды?», - деп басымды көтерсем ешкім жоқ дейді.

 

Сол түні атамдар жатып қалады. Ертесінде тұрса Жәукен орнында жоқ болып шығады. Малға кеткен болар деп атам мән бермейді. Тек түс ауа Жәукен көл жақтан шаршап оралыпты. Қайда болғанын сұраған әжеме: «Ой, апа, түнде қыздар келіп оятып, көл жағасына ертіп кетті. Түнімен ән айтып, би биледік. Содан шаршап көл жағасында ұйықтап қалыппын» депті. Мұны естіп әжем де аң-таң болып, оқиғанын тегін еместігін іші сезеді. Сол ұйықтағанда Жәукеннің түсінде бір ақсақалды ата келіп: «балам, сен қатты шаршап жүрсін, жақсылап тынық», - деп көздеп ғайып болыпты. Мұны естіген соң атам молданы шақырып, Жәукенге дем салдырады. Бұл оқиғадан соң Жәукен қатты өзгеріп, бұрынғыша өз бетімен жүре бергенді қойыпты. Елмен етене араласып, санасы кіргендей, ашыла түседі. Сөйтіп жүргенде ол СПТУ-дағы механик оқуын бітіріп, Қостанай іргесінде Әулиекөл ауданына жұмысқа аттанған екен. Алайда, біраз жыл жұмыс істеген ол комбайн орағына абайсызда түсіп, өмірден өтсе керек. Атам марқұм көзі тірісінде құран оқытқан сайын Жәукенге дұға бағыштаушы еді.

 

Мені таң қалдыратыны түн ішінде Жәукенді оятқан белгісіз біреу кім болды және оны көл жағасына ертіп кеткен қыз-қырқындар елес пе екен деп ойға батамын. Қалай дегенмен де бұл жалғанның біз білмейтін тылсым құпиялары жетерлік.

 

 

Автор: Мақсым Байтөлеутегі, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы

alashainasy.kz

 

 

 




Көрілген: 9461    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31