Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жайнамазымен көкте қалықтаған әулие

  • © mahalla1.ru

    © mahalla1.ru

Мистика деп жатамыз ғой өзімізге түсініксіз жайттарды. Бірақ бұндай жәйт бәріміздің де басымыздан өтетін секілді.


Таулы өлкеде дүниеге келгем. Атам мен әжемнің арасында ұйықтап өстім. Жарықтықтардың иісі керемет еді.


Атам діншіл болды. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын. Ол кісі намаз оқығанда мен арқасына мініп алатынмын. Бір күні даладан ойнап келсем, атам көрінбейді. Төргі бөлмеге кіріп барсам атам жайнамазында намазын оқып, дұғасын жасап отыр екен. Ауызым ашылды да қалды. Өйткені атам мен жайнамазы жерден едәуір көтеріліп, көкте тұр еді. Мен бес секундтай қарап тұрдым. Менің келгенімді атам сезіп қойды ма, лезде жерге жалп етіп отыра кетті. Кейін осы оқиғаны бауырларыма айтсам ешкім сенбейтін. Мені бала көріп, өтірік айтты деп ойлай ма, әйтеуір сенбей кетті. Ал менің көргенім анық еді. Әлі күнге көз алдыма келеді осы көрініс.


Тағы бірде атам үйде теледидар қарап отырып, «балам тоқал сиыр Аршалының аузындағы шорылдақ суға түсіп кетті. Әкеңе айта салшы» деді жай ғана. Белесепетке міне сап колхоздың гаражында трактор жөндеп жатқан әкеме барып болған жайтты айттым. Әкем мені белесепедтің артына отырғызып алып, Ауыл төбесіндегі Аршалыға тарттық. Барсақ расымен де біздің тоқал сиыр су ішем деп шорылдақтың суына түсіп кетіпті. Бірақ сиырымыз өлмеген. Әкем тоқал сиырды жатағандау жотадан шығарып алды.


Қазір қарап отырсам, сиырымыздың суға түсіп кеткенін үйде отырған атам қалай білді. Бейне теледидардан көріп отырғандай айта салды.


Сосын атамның жайнамаз үстінде қалықтап отырғаны...


Атам сонда әулие болған секілді...




Барат Сағиев 


alashainasy.kz/




Көрілген: 1801    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31