Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жазушы кітапты шынай етіп жазу үшін әйелін өлтірген

  • © bigpicture.ru

    © bigpicture.ru

Әкелері бөлек болғанымен, аналары бір қарындасына үйленген голланд жазушысы Ричард Клинкхаммер (Richard Klinkhamer) бірнеше кітап жазып, елге кеңінен танылған. Оның бірінші әйелінен ажырасып, қарындасына үйленгеннен кейін жазушылық қабілеті оянған. Алайда оның жантүршігерлік қылмыс жайлы кітап жазу үшін өз әйелін өлтіргенін естіген жұрт жағасын ұстады деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Назарларыңызға Ричард Клинкхаммер жайлы жеті фактіні ұсынамыз.


1. Ол өзінің бірінші әйелі Леонтин ван Эммерикпен бақытты өмір сүрген.


Алайда оның бір анадан туған қарындасы Ханни жазушыға сезімін мойындайды.


Өзінің 13 жасынан бері Ричардқа ғашық екенін айтқан Ханни онымен 19 жасынан бастап көңілдес бола бастайды.

Ақыр соңында жазушының бірінші әйелі бұл жайлы біліп қойып, ажырасып кетеді.


2. Клинкхаммер екінші рет шаңырақ көтергеннен бастап қылмыс жайлы кітап жаза бастаған.


Ол кітабы арқылы қылмысты қалай жасағынын егжей-тегжейлі көпшілікке баяндап отырыпты.


3. Жазушы үйінің айналасына шұңқыр қазуды әдетке айналдырған.


Ричардтың бұл ісі тіпті достарын да таңғалдырыпты. Ауласынан адам денесі сиятындай ор қазған жазушы ол жерге сыра жәшіктерін сақтайтын болған.


4. Клинхаммер Ханниді өлтіріп, өлім сәтін кітабында баяндаған.


Отбасылық ұрыс кезінде Ханни жазушыны үйінен қуып шықпақ болып, қолына лом ұстап тұрады. Алайда Ричард ол ломмен Ханнидің өзін өлгенше ұрған.


Содан кейін ол әйелінің денесін ауласындағы шұңқырға көміп, үстінен бетон құйып тастапты. Ал мұның барлығын "Среда, день фарша" кітабында айтып берген.


5. Жазушыны әйелінің өліміне кінәлаған. Алайда нақты дәлел табылмапты.


Ричардтың өзі әйелінің өлімінен үш күн өткенде полицияға арызданады. Ал көршілері олардың ұрысы жайлы айтқанда, алғашқылардың бірі болып күдікке жазушы ілігеді. Алайда үйінің бәрін ақтарғанымен, полиция ешқандай айғақ таба алмайды.


6. Ханнидің денесін үйге жаңадан көшіп келгендер тапқан.


1997 жылы Клинкхаммердің жоғалған әйелі заңды түрде қайтыс болғандар тізіміне енеді. Сол кезде жазушы үйді сатып, Амстердамға көшеді.


Ал үйді сатып алған адам ескі сарайды бұзып, орнына жаңасын салмақ болған. Сол кезде Ханнидің сүйегін табады.


Сараптама нәтижесінде оның Ханни екені анықталып, жазушы қамауға алынады.


7. 68 жастағы Клинхаммерді жеті жылға бас бостандығынан айырады.


Алайда 2003 жылы оның теріс әрекеті болмағандықтан, түрмеден босатады.


Осыдан кейін жазушы тағы 13 жыл өмір сүріп, 2016 жылы өз-өзіне қол жұмсайды.




 




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 17:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті
    26 Мамыр, 15:52
    Ажал аяқ астында

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31