Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жеңгесі дуалаған ару адам танымастай өзгерген

  • https://chudotvorstvo.ru

    https://chudotvorstvo.ru

Әкесінің үлкен жеңгесі өзіне дуа салды деген бойжеткен көпшіліктен көмек сұрады. Өмірінің күл-талқаны шыққанын айтқан ол қалай да түзу жолға түсуді қалайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.


Өзінің жан сырын бойжеткен astana_forum парақшасында ақтарған.


"Бәріне сәлем, сіздерден кеңес керек болып тұр. Жасым бар-жоғы 18-ге толғанда қатты сырқаттанып ауырып, әжетханаға күніне 15 рет баратын күйге түстім. Жүрегім айнып, одан қалса құса бердім.

Қысқасы денсаулығым күрт нашарлап кетті. Осындай күйде бір жарым жыл бойы жүрдім. Кішкентайымда, жасым небәрі 11-де болғанда бір көріпкел ақсақал маған 18-ге толғанда, құдайдың бір ерекше қасиеті беріледі деген еді...


Бірақ ондай да ештеңе бақамадым. Бір жарым жылдың ішінде 12 келіге арықтап, түнде қорқынышты түс көретінді шығардым.


Бір түсімде әкемнің ең үлкен жеңгесі аяғымның астына қара кітап қойып, дұға оқып жатқанын көрдім.

Сол түстен кейін мен сол тәтемнің үйіне бардым. Ол менің жағдайымды көріп, "Ауырып қалыпсың, біреу дуалап тастаған шығар" дей салды.


Мен оны естіп одан әрмен шошыдым", - деп әңгімесін бастаған ару.

Ол сол күні тағы да қорқынышты түс көргенін, ал ертесінде өз төсегінен шаш жинауыш пен буылған сұр шаштың көргенін айтқан.


"Соны көре салып, өгей шешемді шақырдым. Олар не екенін білмей, маған түк айтпады. Оқырмандар, рас айтамын, менің өмірімде адамшошырлық жағдайлар болып жатыр.

Өз өмірімді өзім құртып, темекі шегіп, ішімдік ішіп кеттім.


Енді мен туралы түрлі өсек-аяң да жүретін болыпты. Осы күйден құтылу үшін, мешітке де, киелі жерлерге де бардым. Ешқайсысынан көмек болмады.


Кімге не жазғанымды білмеймін. Ешкімнің ала жібін аттамаған сияқты едім. Қорыта келгенде өзімді лас адам сезінемін", - дейді бойжеткен.

Сондай-ақ, ол жасы 70-тен асқан емшіге барып, тәбетінің жақсарғанын айтқан.


"Ол кісі мені дуалап тастағанан айтты. Не үшін екенін білмеймін. Ол тіпті әкемнің сол үлкен жеңгесі мені дуалауы әбден мүмкін деген болжам айтты.


Оған да таң қалдым. Енді не істеуім керек?


Оқырмандар, кеңес бермесеңіздер, жаным тыныш таппайтын сияқты.


Мен бала күнімде анам ауыр дерттен қайтыс болған соң, дәрігер болуды армандайтынмын, ал енді керісінше біреудің көмегіне зәру болып отырмын. Өмірім құрдымға кетті", - дейді жан сырын ақтарған ару.




Желі қолданушылары бойжеткенге өз-өзін қолға алып, дұрыс жолға түсуге кеңес берген. Олар "Мешітке барып, имамның көмегіне жүгініңіз", "Темекі мен ішімдікті таста, сол кезде бәрі-ақ жөнделіп кетеді", "Қарындас, өмірден әбден безініпсің, өміріңді өз қолыңа ал, Алла көмектеседі", - деген пікірлерін жаудырып жатыр.


 




Көрілген: 3845    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 10:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 14:35
    Жер асты жұмбағы...
    23 Қыркүйек, 11:17
    «Жұма, 13-і»...
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31