Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жеңіл жүрісті әйел жігіттің жолын байлаған екен

  • © СеверИнформ

    © СеверИнформ

Біздің ауылда Ерден (есімі белгілі себептермен өзгертілді) деген спортшы болған. Кеңес Үкіметі кезінде ұлттық спорттан республикалық жарыстарда жеңіп жүрген елге белгілі адам екен. Жас кезінде ат құлағында еркін ойнаған ақсақалдың өмірінде бір үлкен өкініш бар көрінеді. Оны сол Ерден атаның өз аузынан естіген әжем айтып еді.


Кеңес Үкіметі кезінде жезөкшелер үйі, жезөкшелер ұяшығы, жалпы жезөкше деген ұғым қазіргідей кең таралмаған еді ғой. Тек еркектердің кейбір жолдасы жоқ әйелдерге баратыны болмаса, отбасы қүндылықтары берік сақталған кезең емес пе еді?


Ерден өзі палуан, өзі шымыр, келісті жігіт, бүкіл ауыл сыйлайтын азамат еді. Бірақ ол сол аулыдағы бір жалғыз басты, ел «бұзылған қатын» атап кеткен Бағила деген әйелге барады екен кейде.


Бірде Ерден спорттық жарыстан жеңіп, бүкіл одақтық жарысқа баратын болыпты. Жарыс одақтас республикалардың бірінде өтеді екен. Содан одақтық жарысқа баратынына масаттанған соң ба, неге екені Ерден жолға шығатын күні Бағиланың үйіне түнепті. Алыс жолға сол Бағиланың үйінен аттаныпты.


Сонымен не керек, таулы республикалардың бірінде өткен бүкілодақтық жарыста Ерден қарсыласынан оңбай жеңіледі. Онымен қоймай, елге еңсесі түсіп, біртүрлі боп оралады. Содан кейін Ерденнің спорттағы жолы жүрмейді. Кездескен қарсыластың бәрінен жеңіле береді. Сөйтіп, спортты біржолата тастаған екен.


«Қарақтарым, отбасы тазалығын сақтаңдар. Жарларыңа адал болыңдар. Мен өмірімде үлкен қателік жасадым. Жарысқа барарда бұзылған әйелдің үйіне түнеп, содан жолым байланды. Одан кейін қанша талпынсам да спорттағы жолым жүрмей қойды. Ер адам жеке бас тазалығын сақтап жүру керек» деп, қартайған шағында бата сұрап барған жас жігіттерге өсиет етіп айтып отырады дейді, Ерден ақсақал...




Айғаным Біртуар

qamshy.kz




Көрілген: 3810    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 12:22
    "Жылан" бала
    15 Қаңтар, 11:25
    Ауылды кезген әруақ...
    10 Қаңтар, 12:31
    Тарғыл мысық
    5 Қаңтар, 10:21
    «Тораңғылы» сиқыры
    15 Желтоқсан 2019
    Жын туралы әңгіме
    11 Қараша 2019
    Жер асты жұмбағы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31