Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жерлеу кезінде "тіріліп кеткен" әйел қайтадан ауруханаға жеткізілді

  • https://novayaepoxa.com/

    https://novayaepoxa.com/

Үндістанда дәл жерлеуі кезінде өлдіге саналған келіншек кенеттен "тіріліп кетті". Оның тірі екеніне көзі жеткен жақындары әйелді дереу ауруханаға жеткізген деп жазады ren.tv.

 

Оқиға Карнатака штатының Бангалор қаласында болған. Ясмин Бану есімді әйел өз үйінде есінен танып қалады. Оны ағасы ауруханаға алып барғанда, дәрігерлер әйелге жедел ота жасау керектігін айтқан.

 

Алайда дәрігер ауруханада кереуеттің жетіспеуіне байланысты Ясминді емдеуден бас тартады.

 

Келесі күні жедел жәрдем жүргізушісінің кеңесі бойынша әйел жеке клиникаға жеткізіледі. Ағасы әпкесінің емделуіне аванс ретінде 130 мың рупийді клиникаға аударғанымен, ота алдында аурухана өкілдері науқастың миы семгенін (мидың өлімі) мәлімдеп, оны үйіне алып кетуді сұраған.

 

Содан кейін ер адам жерлеу рәсіміне дайындалу үшін әпкесінің денесін зиратқа алып барады. Жерлеуге бірнеше минут қалғанда көпшілік Банудың тыныс алып жатқанын байқайды. Бұл жайт жерлеуге қатысушыларды есеңгіретіп тастайды.

 

Оның тамыр соғысы қалпына келіп, артынша әйел есін жинаған екен. Бануға жақындары дереу су беріп, жеке ауруханаға қайтадан алып барады.

 

Дәрігерлер оны тексеріп, ем тағайындаған. Медицина қызметкері аурухананың құжаттарында әйелдің қайтыс болғаны туралы ешқандай жазба болмағанын алға тартып, ақталған.

 

Айтуынша, жақындары дәрігерлердің сөзін дұрыс түсінбей, оны өлдіге санап, жерлеуге кірісіп кеткен.

 

Абырой болғанда, дер кезінде есін жиған келіншек бүгінде дертінен жазылып келеді.

 

Ал Банудың жағдайы жақсарып жатқанына ерекше қуанған жақындары оның әрі қарай емделуіне ақша жинауға кіріскен.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 5427    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30