Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жұлдыз жорамал: 2022 жылы кімдер табысты болады

  • https://tolqyn.kz/

    https://tolqyn.kz/

Келе жатқан 2022 жыл қай зодиак белгісі үшін сәттілік әкеледі, кімнің махаббатта жолы болады, ал кімді үлкен өзгерістер күтіп тұр.

 

2022 жыл - барыс жылы.

 

Астрологтардың айтуынша, бұл жыл көптен бері өзгеріс күтіп жүрген адамдар үшін қолайлы жыл болады. 2022 жыл жұмысты ауыстырудан бастап, басқа елге көшуге дейінгі түбегейлі өзгерістер үшін ең сәтті уақыт болмақ, деп жазады "Московский комсомолец" басылымы.

 

2022 жыл қай зодиак белгісіне сәттілік әкеледі

 

2022 жылы Сарышаяндар маңызды табысқа қол жеткізе алады, бұған дейін іске асыра алмаған жобаларын жүзеге асырады. Ең алдымен қаржы жағынан, сондай-ақ махаббатта та жолы болады.

 

Тұрғылықты жерді ауыстыру, басқа қалаға көшу және жаңа жұмыс та сәттілік әкелуі мүмкін, бірақ мұндай шешім қабылдар алдында бәрін жақсылап ойластырған жөн.

 

 

Мамандардың айтуынша, барыс жылы Мергендер үшін де сәтті жыл болады. 2022 жылы олар 2021 жылы еткен еңбектің жемісін көреді. Мол табыс әкелетін іске ақша салу, жылжымайтын мүлік сатып алу немесе сату үшін қолайлы уақыт. Олар табыстың айтарлықтай өскеніне байланысты артық ақшаны қажетіне жарата алады.

 

Тауешкілер тұрақты табысқа бірден қол жеткізе алмауы мүмкін, бірақ оларды жұмыста, кәсіби және отбасылық өмірде көптеген жақсы сәттер күтеді, сондай-ақ барлық мәселесі оңай шешіледі.

 

Келер жыл Балық белгісінде туған адамдар үшін мол қуаныш алып келеді. Жұлдыздар оларға маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, ал сәттілік ажырамас серігі болады.

 

Сонымен қатар жұмысын ауыстырып, тіпті басқа кәсіби салада бағын сынап көргісі келетін балықтар үшін де сәтті жыл болады. Өмірлік серігін іздеп жүрген балықтар дәл осы жылы нағыз махаббатын табады.

 

Жаңа жылда кімдер байып кетуі мүмкін

 

2022 жылы Тоқтыларды іскерлік және кәсіпте сәттілік күтіп тұр. Астролог Павел Глоба осы зодиак белгісінің өкілдерін күмәнді жиып қойып, тәуекелге баруға шақырды. 2022 жылдың бірінші жартысында тоқтылар жоспар құрып, дайындалуы қажет.

 

Келер жыл Егіздер үшін сынаққа толы болады, бірақ олар қиындықты еш қиындықсыз шешеді. Бұл зодиак өкілдерін жұмыста өзгеріс күтеді, бұл өзгеріс материалдық жағдайды жақсартады.

 

Сарышаяндар жұмыс пен хоббиді үйлестіріп, көп ақша таба алады. Мансапта қажетті нәтижеге жету үшін осы белгінің өкілдері көп жұмыс істеуі керек.

 

Суқұйғыштар да жаңа жетістікке жетуі үшін көп еңбектенуі керек. 2022 жылдың бірінші жартысы іскерлік мәселе мен жаңа жобаларды шешу үшін өте ыңғайлы уақыт.

 

 

Ең сәтті айлар

 

2022 жыл тәуекелге баруға қорықпайтын адамдар үшін табысты болады. 2022 жылдың элементі – су, ал мамыр, шілде және қазан ең сәтті ай болады. 2022 жылы 1, 3 және 4 сандары сәттілік әкеледі. Қытай ай күнтізбесінің 16 және 27 күндері ең қолайлы болады.

 

Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа 2022 жыл 1 ақпанда келеді. Осылайша, 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін барыс жылы болып есептеледі.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1578    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 17:06
    Шайтанның шақыруы...
    12 Қаңтар, 10:38
    Екі рет өлген жігіт
    31 Желтоқсан 2021
    Жатақханадағы сәби рухы
    22 Желтоқсан 2021
    Үкінің киесі
    10 Желтоқсан 2021
    Түсініксіз құбылыс
    27 Қараша 2021
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша 2021
    Қабірдегі қорған...
    12 Қараша 2021
    Өзге әлем...
    5 Қараша 2021
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан 2021
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан 2021
    Өлім деген не?
    14 Қазан 2021
    Өлімнің иісі...
    30 Қыркүйек 2021
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек 2021
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек 2021
    Уақыт
    16 Қыркүйек 2021
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек 2021
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек 2021
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек 2021
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек 2021
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек 2021
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек 2021
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз 2021
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз 2021
    Қашқын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31