Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жыланды арбаған Бақыр молда

  • Сурет ғаламтордан

    Сурет ғаламтордан

Бақыр молда жас кезінде Самарқанда білім алып, дінді меңгерген кісі. Сиқыр оқуын білген. 1974 жылы өмірден озды. Ауылдағы өлім-жітімдегі жаназаны Бақыр молда атқаратын. Ел ол кісінің алдын кесіп өтпейтін, сондай сыйлы кісі болды.

 

Бірде атамдар жайлауда жатады. Жайлаудағы мал суаратын насостан сәл алыстау екі тонналық ескі бөшкені алып тастап, орнына іске жарамдысын қоймақшы болыпты. Бөшкенің іске алғысыз болып қалғанына 4-5 жылдың жүзі болса керек.

 

Сөйтіп, қарулы 2-3 жігіт бөшкені орнына аударып тастағанда бір ғаламат жайтқа куә болады. Асты толған жылан екен. Шамасы ордалы жыланның ұясы... Мұны көрген олар залалы тимесін деп сол маңнан ұзап кетеді.

 

Көрешектің көкесі ертеңінде басталыпты.

 

Ордалы жылан қора-қопсы, үй жайды басып алып, атамдар аяқ алып жүре алмайды. Өлтірейін десе, олар шамадан тыс көп.

 

Сөйтіп, не істерін білмей амалы құрып отырғанда арасындағы біреуі Бақыр молданы шақыру керектігін айтады. Қырсық қылғанда Бақыр ата да ұстата қоймаған. Оған хабарлап, ол келем дегенге тағы да 2-3 күн өтеді.

 

Атамдар есі шығып отырғанда таң ата ауылға Бақыр молда жайлау аралап жүретін автодүкенмен жетіп келіпті. Мән-жайға қаныққан ол ордалы жыланның ұясына барып маңайындағыларды кері қайтарыпты. Содан не керек, шамалы уақыт ерні жыбырлап, дұға оқып кері қайтыпты.

 

Атамдар Бақыр молданың бірден кері қайтқанын қаламай, оған қанша қал деп қолқалағанымен, ол қайтып кетеді.

 

Мына қызықты қараңыз, Бақыр молда кетісімен, қора-қопсы мен үй жайды басып алған жыландар шұбатылған күйі шығысқа қарай көшіп кеткен екен.

 

Атам бастаған жігіттер бұл жайтты тамашалай түспек болып, жыландардың соңынан ілеспек болады. Алайда олар ілестірмей, шөп арасына сіңіп, демде ғайып болады.

 

Кейін Бақыр молда олардың ордалы жылан екендігін, егер біреуін өлтіргенде жағдайдың қиын болатынын ғана айтыпты.

 

 

 

Автор: Ағнұр ШӘУЕНТЕГІ, Екібастұз қаласы

alashainasy.kz




Көрілген: 9119    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.12.2020, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31