Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жын мен жігіт

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Ерте заманда елдің шетінде, желдің өтінде, айшылық алыс жолдың бойында шағын ауыл өмір сүріпті. Ауылдың азаматтары арыстай, қыздары ай маңдайлы ару екен.

Олай-бұлай өткен керуендер бұл ауылдың ынтымақ-бірлігіне, тату тірлігіне қызыға қарап, тамсана әңгімелейді екен.

Содан күндердің күнінде ауылдың шетіне жын-шайтанмен шатыс арам пиғылды дию келіп қоныпты. Шайтан шатыс дию күнде келіп ауылдың бір қызын тартып алып, жеп кетеді. Ауыл ақсақалдары қатты дағдырып, не істерін білмей қиналады.

Сол сәтте, бір жігіт ортаға шығып: «Қадірлі халайық, береке-бірлігіміз бұзылмаған ел едік, ел шетіне жын қонып, шаңырағымыз шайқала бастады. Егер де, ақсақалдар батасын беріп Ұлы Жаратушы Ием қолдаса, мен «Алланың ризашылығы үшін» жын-шайтанмен күресейін» дейді.


Халықтың бәрі жиналып құдайдан медет тілеп жігітті аттандырады. Жігіт келген бойда «Аллаһуәкбар» деп шайтанның жағасынан ала кетеді. Күні бойы күресіп, түс ауғанда дию жын әлсірей бастайды. Жігіт жынды қылқындырып, аузынан ақ көбігін ағызады.

Дию-жын айтады: «Сен мені жеңдің, құлың болайын өлтірме» дейді. Жігіт оны босатады. Сол күннен бастап ол ауылдың ала жібін аттамайтын болып, күн сайын жігітке 20 ділдә төлеп тұратын шарт жасайды.

Осылай өмір өтіп жатады. Жігіт дию берген ақшаларды жинап байып кетеді. Ара да бірнеше жыл уақыт өтеді. Бір күні жігіт таңертең оянып жастығының астына қолын созса, дию күнде әкеліп тастайтын 20 ділдәсі жоқ.

Ашуланған жігіт атып тұрып жынға жетіп келіп: «Ей, албасты ділдә қайда?» дейді. Жын болса, «мә, аласың!» деп қолын саптайды. Жігіт атынан секіріп түсіп екеуі ұстаса кетеді. Бұл жолы дию-жын жігітті екі бүктеп астына салып алады. Алқымын сығып, жанын мұрнының ұшына әкеледі.

Жігіт аң-таң болып жеңілгенін мойындайды. Жынның шартын тыңдайды. Ол айтады: «Сен ауылыңды бастап мына шұрайлы жерден көшіп, көз көрмейтін алысқа кет. Әйтпесе, бәріңді жеп құртамын!» дейді.
Жігіт оның шартына амалсыз келісе отырып, былай дейді: «Өткенде мен сені жеңіп едім ғой, бұл жолы қалайша сен жеңіп кеттің?». Сонда дию былай депті: «Өткенде сен «Алланың ризашылығы үшін» деп айқастың, Алла саған шын риза болып, күш-қуат сыйлады. Бұл жолы ділдә үшін нақтырақ айтқанда, дүние үшін менімен күрестің. Сенің жеңілген себебің осы!». 

Автор: Нұршаш Бақытқызы

alashainasy.kz




Көрілген: 1919    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31