Жын-шәйтан туралы

Жын-шәйтан туралы

Біздің балалық шағымыз өткен ғасырдың 60-70-ші жылдарында өтті. Ол кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып дәуірлеп тұрған шағы еді. «Қожа менен молданы қойша қуып сабаймыз» деп әндететін комсомолдардың заманында Құдайға сену, дін жолын ұстану қараңғылық, надандық болып саналатын. Бірақ та, соған қарамастан, адамдардың санасында мыңдаған жыл бойы сіңіп қалған Құдайға деген сенім күшті болатын.

Бала кезімізде ауылды аралап, Алла хақ деп айқайлап қойып, қайыр сұрайтын диуана дегендер болушы еді. Үстіне ескі-құсқы киім киіп, иығына қап, дорба асынып алатын диуана жұрт берген азық-түлікті сол қабына салып жинап алады. Ескі-құсқы киіп жүретіндіктен бе, үлкендер балаларды «обай, дуана келе жатыр, жылаған баланы дорбасына салып алып кетеді» деп қорқытатын. Кейде әлденеге ренжіп дауыс көтеріп жылап жатсаң үйдегілердің бірі білдірмей далаға шығып кетіп есік алдынан «Алла хақ, жылайтын бала бар ма?» деп дауыстайды. Соны естігенде зәреміз ұшып жылағанымызды қоя қоямыз. Кейін білсек, сол диуана деген қарны ашқандықтан қайыр сұрамайды екен, Алланы ұмытқан адамдарға Жаратқанды еске салу, Алла үшін қайрымдылық жасату үшін қайыр сұрайды екен. Олардың көбі сопылық ағымды ұстанатын, ерікті түрде қайыр сұрау арқылы бойындағы тәкаппарлықты жойып, нәпсісін бақылау үшін солай ететінін кейінірек оқып білген едім.

Үлкендерден жын-шәйтан туралы әңгімелерді көп естіп өстік. Қазақ «жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды» демей ме. Адамның көзіне көрінбейтін бізбен параллел өзге әлемде өмір кешіп жатқан жұмбақ тіршілік иелерінің барлығын бүгінгі ғылым да мойындайды. Оқта-текте кейбіреулердің көзіне көрініп қалатын жын-пері дегенді көзбен көргендер біздің ауылымызда да болатын. Солардың бірі – көкем еді.

Көкем әлдекімдер сияқты мақтаныш үшін өтірік айтпайтын. Егер Ізет әкеден сондай әңгіме естісем, оның ойдан шығарылған өтірік екенін түсінер едім, ал көкем айтқан сол әңгіме жын-шәйтан аталатын тылсым тіршілік иелерінің барлығын дәлелдесе керек.

-Бір күні күріштіктен кештеу шығып, үйге қайтып келе жатқанмын, -деп бастайтын әңгімесін көкем. Күзге салым уақыт болса керек. Күн батқан соң айнала бірден қараңғылана бастаған. Ауылдан бірер шақырым жерде жол жиегінде төбесі құлап қалған ескі қыстау бар екен. Сол қыстаудан лапылдап жанған отты көреді. Бұл кім болды екен деп ойлайды көкем. Қыстаудың қалқайған қабырғалары ғана бар, есік-терезесі ашық-шашық. Жақындай бере көкем отты қоршай отырған бастарына папах киген шешендерді көреді. Ғау-ғау деп шуылдасып әңгімелесіп отыр дейді. Соғыс кезінде жер ауып келген шешендер 50-ші жылдардың ортасында елдеріне қайтқан екен. Осы елге үйреніскен бірлі-жарымдары ғана қалып қойыпты. Соны білетін көкемнің көкірегіне қорқыныш ұялайды. «Бұл шешендер кімдер, қайдан келген, мүмкін жақын ауылдың малын ұрлап сойып жеп отырған шығар?» деген ойлар келеді.

Жол дәл қыстаудың дәл жанынан өтеді, бұрылып кетуге мүмкін болмай қалыпты. Мал ұрлығының үстінен түскен жалғыз жолаушыны шешендердің аямайтыны анық екен. Содан көкем тәуекел деп алдын ала қам жасайды. Өмірі тастамайтын он алтыншы мылтығын алып аспанға қарата гүрс еткізіп оқ атады. Ойы мылтық даусын естіп опыр-топыр болып жатқан кезде атпен шауып жандарына өте шығу болыпты. Бірақ, қызығы сол, гүріс еткен мылтық дауысы етсілген сәтте лаулап жанған от та, ғауылдасып сөйлескен шешендер де көзден зым-зия ғайып болып жоғалып кетеді. Мынаны көргенде одан сайын зәресі ұшқан көкем ауылға жеткенше атына қамшыны аямай басып шауып келеді. Ертеңіне таңертең ертелетіп атпен жұмысқа кетіп бара жатқанында қыстауға арнайы кіріп қарап көреді. Не жанған оттың күлі, не отырған адамдардың ізі жоқ дейді. Соны көрген көкем «көзіме көрінген жын-шәйтан екен» деп түйеді.

Үлкендердің аузынан осындай жын-шәйтанға қатысты бірқатар әңгімелерді естіп өскен мен бұған сенетінмін. Жалпы ауыл адамдары кеңестік атеистік түсініккке қарамай, жын-шәйтан дегеннің болатынына кәдімгідей сенетін. Сондай түсінік санаға әбден сіңіп қалса керек, бір жолы мен де жын-шәйтанға тап болғаным бар. Ол кезде 5-6 сыныпта оқитын болуым керек. Күздің күні сабақтан келген соң есекпен томаша теруге барамын. Бір күні көрші тұратын Балабек ағаның үлкен ұлы Нұрланды ертіп алдым. Екеуміз қоржынға томашаны толтырып алып, ауылға қайтқан кезде күн кешкіріп қалған. Күн батқан соң-ақ айнала тез қараңғыланып кетті. Бір кезде артымда отырған Нұрлан «анаң қара бір әйел айқайлап шақырып жатыр» деді. Қарасам құм басында сары көйлек киген бір әйел бізге қарап қолын бұлғап бірдеңе дейді. Кешқұрым уақытта ауылдан алыс құм арасында жалғыз жүрген бұл қандай әйел деген ой келді. Содан «мүмкін сайтан деген осы шығар» деген суық ой санамды тіліп өтті.

-Сайтан емес пе, -деймін мен. Нұрлан да соны ойлаған болуы керек. «Шәйтан» -деді ол да мені құптап. Мынаның сайтан екеніне енді екеуміздің еш күмәніміз қалмады. Сол-ақ екен артымда отырған Нұрлан есектен қарғып түсіп, жаяу жортақтап алдыма түсіп безе жөнелсін. Бойымды қорқыныш билеген мен есекті тебініп, таяқпен басқа-көзге сабалап ыхылап келемін. Алдымда бара жатқан Нұрлан «ойбай, жолдың шаңы бұрқ ете қалды» деді бір кезде. Соны естігенде шәйтан келіп қалған екен деп одан сайын есекті тебіне түсемін. Сөйтіп ауылға қалай жеткенімізді білмей қалдық. Тек ауыл шетіне кіргенде ғана көңілім сабасына түсті.

Үйге келгесін бірден апама: «шәйтан көрдім» дедім.

-Неғылған шәйтан? –дейді апам. Мен болған жайды айтып бердім.

-Бүгін көрші ауылдың қойлары қосылып кетіпті, содан жұрт у-шу болып құм арасынан қойларын іздеп жүр. Малын іздеген әйелдердің бірі шығар, -деді апам мән бермей. Апамның мына айтқаны көңілімді аздап сабасына түсіргендей болғанымен, іште күмән қалды.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста