Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жын-шайтандар мекендейтін жұмбақ құдық (фото, видео)

  • Фото: knews.kg

    Фото: knews.kg

Желіде Йемен Республикасының шығысындағы шөл далада орналасқан Бир-Бархаут құдығының жаңа суреті пайда болды. Көпшілік біле бермейтін бұл түпсіз терең құдықта аңыз бойынша жын-шайтандар мекендейді деп жазады knews.kg.

 

Басылымның мәліметінше, Бир-Бархаут – Йеменнің көпке танымал, ғажайып жерлерінің бірі. Себебі мұнда ені 30 метрді құрайтын алып құдық бар.

 

Бір қызығы ғалымдар құдықтың тереңдігі қанша метрді құрайтынын әлі күнге дейін білмейді.

 

Ал Al Arabiya басылымының жазуынша, ғалымдардың болжамынша құдықтың тереңдігі шамамен 100-250 метр.

 

 

Елдің геологиялық барлау және минералды ресурстар басқармасының директоры Салах Бабхаирдің айтуынша, оттегі жетіспегендіктен әлі күнге дейін ешкім 50 метр тереңдіктен әрі қарай түсе алмаған.

 

"Күн сәулесі құдықтың түбіне дейін жетпейді, сондықтан оның түбінде не бар екенін болжай алмаймыз. Құдықтың тек бергі бетін видеоға түсіргенімізде онда құстар жүретінін байқадық", - дейді Салах Бабхаир.

 

Сонымен бірге, басылым Бир-Бархаут құдығының түбінен үнемі жағымсыз иіс шығатынын жазады.

 

Ертеде аңыз бойынша, құпиясы ашылмаған құдық – "тозаққа кіретін қақпа" деп есептелген көрінеді.

 

Енді геологтар шамамен миллиондаған жылдар бұрын пайда болған табиғаттың бұл кереметін зерттеуді тағы қолға алған.

 

 

 

 

 kaz.nur.kz

 




Көрілген: 6935    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 21:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 10:15
    Уақыт
    16 Қыркүйек, 11:45
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек, 11:33
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек, 17:31
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек, 14:20
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек, 09:51
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек, 17:13
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек, 17:40
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз, 09:45
    Шайтанның ісі...
    18 Тамыз, 09:07
    Қашқын...
    14 Тамыз, 10:30
    Айна...
    9 Тамыз, 17:12
    Ақ түйе...
    22 Маусым, 09:07
    Оқ дарымайтын адам...
    18 Маусым, 09:48
    Түсіңде сәби көрсең...
    15 Маусым, 09:20
    Жер асты жұмбағы...
    6 Маусым, 09:16
    Егіз тұмар
    2 Маусым, 09:17
    Ренжіген әруақ...
    23 Мамыр, 02:09
    ТАҢҒАЖАЙЫП ТҮС
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30