Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Жындардан қорғанбақ болған» кәсіпкер әйел «емшіге» 120 млн теңге берген

21 шілде 2023, 09:40

Абай облыстық әйелдер колониясына «жындардан қорғағаны» үшін 120 млн теңге табыс тапқан Павлодар қаласының тұрғыны жазасын өтеуге қамалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны жерлесін 120 млн теңгеге алдап соққан. Ол өзінің «дәстүрлі емес емдеу қасиетіне және тылсым күшке ие екеніне» сендіріп, барлық отбасы мүшелерін «жындардан қорғау» керегін айтқан.

 

Сөйтіп, 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың тамызы аралығында кәсіпкер әйел «емшіге» «жындардан қорғану» үшін ақша беріп отырған. Ақшалай қаражаттың жалпы сомасы – 120 млн теңге.

 

Павлодар қалалық соты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқты кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол орташа қауіпсіздіктегі колонияда жазасын өтейді.

 

«Колонияға келген соң сотталушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күн сайын тәрбиелік және психологиялық әңгімелер өткізіледі. Ол жасаған ісіне өкініп, өз іс-әрекеттері үшін кешірім сұрайды. Абай облысындағы әйелдер колониясында отырған әйелдердің 50%-ы ҚР ҚК 190-бабы бойынша (алаяқтық) жазасын өтеп жатыр», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz