Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қабірде 48 сағат жатқан нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды

  • Көрнекі фото: pixabay.com

    Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда дәрігерлер зираттан табылған нәрестенің өмірін сақтап қалды. Жантүршігерлік оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Барели қаласында болған деп хабарлады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Қорымнан табылған сәби ауруханаға бір ай бұрын түскен. Оның дүниеге келгендегі салмағы шамамен бір келіні құраған. Қыз бала туғаннан бері тамақ ішпеген, сол себепті оның майлы тіндері болмаған.

Қазіргі уақытта нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Емделу барысында оның салмағы екі есеге артқан. Ол бүгінде аурухана қызметкерлерін тани бастап, бөтелкеден тамақ ішетін болды.

Ал кісі өлтіруге күдікті деп танылған және 12 жасқа дейінгі баланы жалғыз қалдырып кеткен сәбидің биологиялық ата-анасы әлі табылған жоқ.

Шамасы, ата-анасы қыз баланы мерзімінен бұрын дүниеге келген соң жерлеген. Ол матаға оралған сазды құмыраға салынып, 60 сантиметр тереңдікте зиратқа жерленіпті. Бала жер астында 48 сағат жатқан.

Ал нәрестені өзге ерлі-зайыптылар құтқарып қалған. Олар зиратқа өлі туған қыздарын жерлеу үшін келген екен.

Ал сәбидің жылаған дауысын естігенде бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Тастанды баланы бағып алуға бірнеше адам ниет білдіруде. Олардың қатарында сәбиді тауып алған ерлі-зайыптылар мен үнді халықтық партиясының Заң шығару жиналысының мүшесі Раджеш Мишра да бар.

Алайда әзірге олардың ешқайсысы бағып алу туралы жазбаша өтініш білдірмеген.

 




Көрілген: 2189    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.11.2019, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?
    19 Ақпан, 11:21
    Қамшы ұстаған әруақ
    12 Ақпан, 15:37
    Кесене кезген елес...
    10 Ақпан, 11:57
    Киіктің киесі...
    6 Ақпан, 10:32
    Тозақ қақпасы
    16 Қаңтар, 12:22
    "Жылан" бала
    15 Қаңтар, 11:25
    Ауылды кезген әруақ...
    10 Қаңтар, 12:31
    Тарғыл мысық
    5 Қаңтар, 10:21
    «Тораңғылы» сиқыры
    15 Желтоқсан 2019
    Жын туралы әңгіме

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29