Қабірдегі өмір

Қабірдегі өмір

Ислам дінінің бес парызының бірі – иман келтірудің жеті шарты болса, солардың арасындағы маңыздыларының қатарында өлгеннен кейін қайта тірілуге және қиямет қайымға сену бар. Өлгеннен кейін қайта тірілуге, пенделердің осы фәни тірлікте жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін жауап беретін қиямет қайымға сенбеу, ислам дінін мойындамау болып табылады. Яғни, ислам дінінде өлімнен кейінгі өмір мәселесі еш дау туғызбайтын ақиқат шындық.

«Өлі едіңдер тірілтті, сосын қайта өлтіріп, қияметте қабірден тұрғызады» дейді қасиетті кітап Құран. Өлімнен кейінгі өмір мәселесі ислам дінінде аса маңызды орын алады. Құранда қамтылған ең негізгі мәселелердің қатарында қиямет қайым, оған сенушілер мен сенбеушілердің жайы бар.

Алламен кездесетін, осы дүниеде жасаған жақсы-жаман істері үшін толайым жауап беретін қиямет күніне сенбей нәпсінің құлына айналған пендені о дүниеде не күтіп тұратындығы Құранда аққа қара жаққандай анық айтылған. Одан қалды Пайғамбарымыздың хадистерінде де ол жөнінде жан-жақты баяндалған.

Өлім жайындағы ислам дінінің түсініктері туралы не айтуға болады? Өзге дәстүрлі діндерден өзгеше, ислам дінінде өлген адамның қабірдегі өмірі жөнінде ұғым бар. Соны өзімізше рет-ретімен баяндап көрелік. Адамның жаны шыққанмен, оның нәзік тәні денені тастап кетпейді. Нәзік тән өзін жоқтап жылаған туыс бауырлары мен ақырғы сапарға шығарып салуға келген таныстарын көріп, естіп тұрады дейді.

Тек жаназасы шығарылғаннан кейін ғана оның құлағы бітеліп, ести алмайтын күйге түспек. Шариғат жолымен өлген адамды жуып, намазын шығарған соң қабірге әкеліп жерлейді. Мұсылманша жерлеудің бір өзгешелігі, қабірдің жанынан қуыс қазылып, лақатталады. Яғни, мүрде жер астындағы бос қуыста кебінге оралып жатқызылады. Жерлеген адамдар қабірден қырық қадам ұзаған соң өлгенді тергейтін Мәңкір-Нүңкір періштелері келіп,  тергеуге алмақ.

Егер пенде тіршілігінде күнә жасап, шариғат жолымен жүрмеген болса, оны періштелер қатты азапқа салмақ. Жаны қиналған пенденің жан дауысы шығып, төңіректі дүр сілкіндіре айқайға басатын көрінеді. Бірақ, оның ащы даусын жан-жануарлар  естісе де, адам естімейді. Қазақтың: «көріңде өкіргір» деген сөзі осыдан шыққан болар, бәлкім.

Пайғамбарымыз айтты деген мынадай әңгіме бар. Мұхаммед ғалейкиссалам бір мұсылманды жерлеуге барады. Өлік қабірге қойлып, оны көміп жатқан сәтте пайғамбарымыз: «о, мұсылмандар, осы күнге мықтап дайындалыңдар, қабірдегі бірінші күн ең ауыр күн, сол күннен дұрыс өтсеңдер, арғы жағы жеңіл болады» деген екен.

Өлген пенденің көрер азаптары қабірден басталады дейді. Періштелердің тергеп, азаптайтыны өз алдына, жердің жан-жақтан қысып, тұншықтырар көр азабы да аз болмайды. Күнәкар пенде үшін азаптың ауыры қиямет күні, яғни жасаған іс-әрекеттері үшін Алланың алдында жауап берер күні келмек.

Құранда жазылғандай «ол күні қабірдегілер көздері алайып жүгіріп бара жатады». Құлақ тұндырар ащы дауыс үрейлерін алған қабірде талай тауқыметті бастарынан өткерген пенде тақтайдай болып тегістелген жердің бетінде барар жер, басар тауы қалмай, найза бойы биіктікке әкелінген ми қайнатар шыжыған күннің астында өзінің тағдырының қалай шешілерін күтіп жүз жыл тұра ма, мың жыл тұра ма белгісіз.

Пайғамбарымыз «ол күні тамұқ адамдарға жетпіс мың құлаш жерге жақындатып қойылады, оны жетпіс мың періште ұстап тұрады» дейді. Егер періштелер ұстамаса, долданған тамұқ оты адамдарды жұта салуға ұмтылады екен. Пенде оң жағына қараса да күнәлі істерін, сол жағына көз салса да тіршілікте жасаған жамандықтарын көріп, алдына қарағанда өзіне долдана ұмтылған тамұқ отына көзі түсіп зәре-құты қашады.

Ислам дініндегі о дүниедегі өмір жөніндегі түсінік адамды өткінші фәни дүниенің бес күнгі қызықтарына алданып, нәпсінің шырмауына шырматылып ар ұялар жаман істер жасаудан сақтандырады, діни парыздарын орындап, қайрымдылық, жомарттық, кешірімділік, кішіпейілділік сияқты адами ізгі қасиеттерді бойына дарытып, нағыз адамша тірлік кешуге үндейді.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста