Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қарағандыда жерге қадалған пышақтар жұрттың зәресін ұшырды (видео)

  • Фото: ekaraganda.kz

    Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда жерге қадалған пышақтар жұрттың зәресін ұшыруда. Мұндай жағдай өңірде жиі орын алатын көрінеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жақында қаланың Назарбаев даңғылындағы саябағында жұмыскерлер бес түрлі жерге қадалған 20 асүй пышағын тапқан.

 

Олардың әрқайсысына жасыл лента екі рет түйіншектеліп байланған екен. Ал кейбіріне, тіпті шикі бауыр еті қадалған. Одан бөлек пышақ айналасына тиындар шашылған.

 

Мұны кім және не үшін істеп жүр?

 

Саябақ басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, бұл жайттан кейін олар саябақта жұмыс істеуге қорқып қалған.

Наталья Ежова пышақтарды таба салысымен, бірден полицейлер шақыртуды дұрыс санаған. Ол пышақтарды өзі алып тастауға қорыққан екен.

 

"Жағымсыз әсерде қаласың. Мұның кімге керек екенін білмедім", - дейді басқарма қызметкері.

 

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан жап-жаңа 20 асүй пышағын тәркілеген. Пышақтан ешбір адамның саусақ іздері табылмапты.

 

Мамандар жануардың бауыр етін сараптамаға жіберіп, мұны кімнің істегенін анықтауға тырысуда.

 

Екі жыл бұрын дәл осындай әдіспен 68 жастағы Қарағанды тұрғыны аяғындағы ауырсынулардан арылуға тырысқан болатын. Ол балалар алаңында 72 пышақты жерге қадап қойған.

Одан соң әйелді "кіші бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартқан.

 

Оккультизм саласының маманы Луиза Исаевна осы жолы пышақтар өзге ниетпен қадалған болуы мүмкін екенін алға тартты.

 

Айтуынша, пышақ бауыр етіне қадалып, лентамен байланған болса, ал қасынан тиындар табылған жағдайда, мұның бәрі дуалауға ұқсайды.

 

Ол кәсіпкерлердің бірі дуаланған болуы мүмкін екенін болжады. Маман бауыр еті ағзаның айнасы іспеттес екенін айтуда. Ал бұл жора адамның ішкілікке салынып, оның бизнесі өзгеге өтуі үшін жасалады екен.

 

Луиза Исаевна мұндай дуалау қауіпті екенін және оған кіріскен адамның өз басына қиындықтар қайтып оралуы мүмкін екенін ескертуде.

 

Десе де, пышақты кім және нендей мақсатпен жерге қадағаны әзірге белгісіз.

 

Еске салсақ, бұған дейін біз Қарағандыда гүлзарларға пышақ қадап, елдің зәресін ұшырған 68 жастағы әжей ұсталғанын жазған едік.

 

Одан бөлек, Қарағандыда топыраққа 100-ден аса пышақ қадап кетушілерді жұрт шын-шайтанға теңегенін жазған болатынбыз. 




Көрілген: 1377    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қараша, 13:16
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша, 13:07
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша, 14:57
    Абылайдың түсі
    11 Қараша, 14:36
    О дүниеден оралғандар
    10 Қараша, 13:14
    Қарияның қарғысы...
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30