Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қасқырдың киесі

  • Қасқырдың киесі

    Қасқырдың киесі

Күн жұма болатын.
Түнімен жол жүріп, Ақмола жақтан келе жатқан бетім еді. Қар борап тұрған. Күйік асуы жабық дегенді есітіп, амал жоқ тоқтағанмын. Таң атып қалған.
Көре кетейін деп Тараз қаласының орталық базарына кіре бергенім сол еді, бір бейтаныс жігіт жылыұшырай қолын созды. Амандастық.
- Аға, үйге жүріңіз, сізді күтіп тұр едім, - деді әлгі жігіт.
- Інім, мен сені танымаймын ғой, - шатастырып тұрған шығарсың, мен жай ғана жолаушымын. Бұрын бұл жақта болмағанмын.
- Есесіне, мен сізді танып тұрмын Орекеңсіз ғой, десін, бейтанысым мені таң қалдырып. Өзінің дегбірсізденіп тұрғанын да байқап қалдым. Ішкі ойым "не боп қалды екен" деп те тұр...
- Аға, мен сізді, түнде түсімде көріп едім, атыңызды да содан білемін. "Таңертең ерте орталық базарға барсаң, базардың кіре берісінде сол кісіге жолығасың, ертіп кел деп сізді суреттеген аяным бар еді" десін бейтаныс жігіт қиылып... қалғанын үйге барған соң айтармын. Мен одан сайын таң қалдым.
- Жарайды, олай болса, барайық, дедім.
Бейтаныс жігіттің үйі, қаланың шет жағында тұрады екен. Әне-міне дегенше келдік. Адамдар абыр-сабыр, таң атпай құрбандық шалып, қазан көтеріп жатыр екен.
Үйлеріне кіре берістегі аулада, сым шарбақтың ішінде қамаулы тұрған абадан қасқырды байқап қалдым. Байғұс аңның көздері жасаурап кетіпті. Мен өзім қасқырларды жастайымнан жақсы білемін және оларды түсінемін... "Обал боп тұр екен-ау" дедім ішімнен.
Жүрегім дүрсілдеп кетті. Қасқыр маған қиыла қарады, өзінің жағдайын айтпай ұқтырғандай болды. Бәлкім ол да мені таныды. Тек маған айтар тілі жоқ еді...
- Бейтаныс жігіт менің кідірістеп қалғанымды байқады ғой деймін.
- Аға, бұл қасқырды мына Күйіктің асуынан ұстап әкеліп едік, үш айдай болды осында, өзі де зор, ә... - деді мақтанып. - Қолға үйренбейді екен бұл жыртқыш, берген тамағыңды алмайды, мына шарбақтың үстінен лақтырып тастаймыз етті, онда да түнде ғана.
Біреулер сұраған еді, емдік қасиеті бар дей ме, өтін, тұяғын аламыз дей ме, уәде берген едім...
Мен ештеңе дегем жоқ, сонымен үйге кірдік.
Әңгіме былай екен:
-Аға, келініңізбен шаңырақ көтергенімізге онекі жыл болды. Бәрі бар бізде, тек шикі өкпе болса да бір балаға зар болдық. Барлық жерге бардық. Сөйтіп жүріп, әйтеуір, өткен жылы бөпелі болғанбыз.
Сол ұлымыз екі жарым айдан бері қатты науқас, көзін аша алмайды, түтікпен тамақтандырамыз. Қаратпаған жеріміз қалмады, дәрігерлер де шаршады. Көрген аянымды өзіңізге айттым. Ендігі сенімім өзіңізде ғана болып тұр...
Менің таң қалысым шыңына жетті... "Бұған не істей аламын" деген сұрақ қой...
Жалпы, мұндай оқиғалар менің басымнан көп өткен. Және көп жерде науқастарға жәрдемім де тиген еді. Бірақ, мен ол туралы ешкімге тіс жармайтынмын.
Мына жағдай тіпті қиын екендігін сезіп те тұрмын. Бұл тұста тылсым тілі ғана сөйлей алады. Бір жасар баламен қалай тілдесемін... Сәбидің басынан сипадым. Маңдайынан шып-шып тер шыққанын байқадым.
Ары қарай не істеуім керек, ол жағы тұманды еді. Ойымның бәрі сыртта қамауда тұрған абадан қасқырға қарай бұрыла береді ғой... Кенет бір шешімге келдім.
- Баланы көп қымтай бермеңдер, деп, орнымнан тұрдым.
Өзімді қандай күш жетелегенін білмеймін, асығыс сыртта тұрған қасқырдың жанына келейін. Не боп қалды деп бейтанысым менің қасыма жүгіріп келді.
- Босат, мына қасқырды! - дедім.
- Аға, былайырақ тұрыңызшы, майып боларсыз!
Менің оны тыңдауға шамам жоқ еді...
- Көлігіңді алып кел!
Бейтанысым көлігін алып келгенде мен қасқырды темір шарбақтан шығарып, желкесінен сипап тұр едім...
Күйікке келгенше қасқыр менің қасымда отырды. Күйікте боран тіпті ұлып тұр екен. Мен қасқырды көліктен түсіріп жібердім. Киелі жануар артына бір қарады да, бұрқыраған ақ түтек боранға сіңіп кетті.
Біз бейтаныс жігіттің үйіне қайтып келгенімізде сәбидің көзі де ашылып, анасының омырауын борпылдата еме бастаған екен.
Оралбек Бекболатов.
Раушан Жакешбай парақшасынан.




Көрілген: 5068    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 10:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қаңтар, 17:09
    Суықты сезбейтін адам
    14 Қаңтар, 17:06
    Шайтанның шақыруы...
    12 Қаңтар, 10:38
    Екі рет өлген жігіт
    31 Желтоқсан 2021
    Жатақханадағы сәби рухы
    22 Желтоқсан 2021
    Үкінің киесі
    10 Желтоқсан 2021
    Түсініксіз құбылыс
    27 Қараша 2021
    Қасқырдың киесі
    16 Қараша 2021
    Қабірдегі қорған...
    12 Қараша 2021
    Өзге әлем...
    5 Қараша 2021
    Кісі жұтқыш қылыш
    22 Қазан 2021
    Жын жабысқан қыз
    17 Қазан 2021
    Өлім деген не?
    14 Қазан 2021
    Өлімнің иісі...
    30 Қыркүйек 2021
    Қарғыстың тылсым күші...
    29 Қыркүйек 2021
    11 саны өлім белгісі ме?
    19 Қыркүйек 2021
    Уақыт
    16 Қыркүйек 2021
    Жалғыз аяқ жол
    15 Қыркүйек 2021
    Жын жабысқан жігіт...
    14 Қыркүйек 2021
    Балбал-қыз...
    13 Қыркүйек 2021
    Cу перісін сүйген жігіт
    11 Қыркүйек 2021
    «Тораңғылы» сиқыры
    6 Қыркүйек 2021
    Балбалтастың құпиясы...
    2 Қыркүйек 2021
    АЖАЛСЫЗ БАЛА
    21 Тамыз 2021
    Шайтанның ісі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31