Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қазан айында қазақстандықтарды не күтіп тұр? - астролог

  • https://edumart.kz/

    https://edumart.kz/

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова күздің екінші айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

 

Жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін

 

 

Астрологтың болжамынша, қазан айында әлемде саяси ахуал тұрақсыз болады, аймақтарда қақтығыстар жалғасады. Ақпараттық соғыс қарқын алады. Соғыс өрті тұтануы мүмкін екені туралы хабарлар адамдардың көңіліне қорқыныш ұялатады.

 

 

"Кейбір мемлекеттердің билігі өз жағдайын ойлап, індеттің таралуын желеу етіп, қазан айының бірінші жартысынан жаңа шектеулер енгізуі мүмкін. Халықтың наразылығы күшейеді", - деді Әбдірайымова.

 

Айтуынша, мемлекеттер арасында келісімшарттар бұзылып, дипломатияда дау-жанжал туындауы мүмкін. Сауда шарттарының бұзылуынан сауда-саттық, коммерция қатты зардап шегуі ықтимал. Жалған ақпараттарды таратудың жаңа әдістері мен түрлері қолданылады.

 

 

Сонымен қатар, маман айдың ортасында "қара алтын" бағасы төмендеп кетуі мүмкін екенін болжады.

 

 

Жастар мен студенттер білім сапасына көңілі толмай, мектептер мен жоғары оқу орындарында реформалар енгізуге қарсы шығуы ғажап емес.

 

 

Ашық агрессия

 

 

"Айдың басында күнделікті жұмысты атқару кезінде кедергілер пайда болуы мүмкін. Бәрін бұрынғы қалпына келтіруге тырыссаңыз да, еш нәтиже шықпайды. Адам ашуланады, көңіл-күйі түседі, қапаланады", - деді Әбдірайымова.

 

 

Астрологтың болжамынша, бұл кезеңде қоғамдағы жағдай да тұрақсыз болады. Заң өкілдерімен ашық қақтығыс та болуы мүмкін. 

 

 

Тұрмыстық деңгейдегі жанжалдарға іштегі жаман энергия себеп болады. Бұл көп жағдайда торығудан, ыза-өкініштен немесе жай ғана өш алудан туады.

 

 

Бейбіт жиындар ашық агрессияға ұласуы мүмкін. Маман адамдардың наразылығы бүлік, әдейі өрт қою, қырып-жоюға себеп болуы ықтимал екенін ескертті.

 

 

"Ал қазан айының ортасына қарай митингтер идеологиялық сипат ала бастайды. Яғни, идеологиялық және діни негізде қақтығыстар өтеді, жоспарлы митингтер бағынбаушылыққа, тіпті билікті құлатуға ұласуы ғажап емес", - деді ол.

 

 

Сақтықта қорлық жоқ

 

 

Әбдірайымова айдың 11-і мен 18-і аралығында туған Тоқты, Тауешкі, Шаян және Таразыларға күз кезінде сақ болуға кеңес берді.

 

 

Әсіресе, адам көп жиналатын қоғамдық орындардан, ұрыс-керіс, дау-жанжалдан аулақ жүрген абзал.

 

 

"Сіздер агрессия, ашу-ызаны көбірек сезінуіңіз мүмкін. Бұл кезеңде тұрмыстық жағдайда жаралану, созылмалы аурулардың асқынуы, пышақ жарақаты, күйік шалу сияқты қауіптер артады. Хирургиялық операция үшін өте қолайсыз кезең. Егер сіз кәсіпкерлікпен айналыссаңыз, проблемаларды шешуде қиындықтарға тап боласыз", - деді астролог.

 

 

Айтуынша, әсіресе, 1-4, 7-12 және 16-20 қазан аралығы &ndash сәтсіз күндер.

 

 

Ал 6 қазаннан 21 қазанға дейін адамдарды тағы бір жайсыздықтар күтіп тұр.

 

 

Алдын ала құрылған жоспарлар бұзылып, кейбір мәселелерді шешуге араласуға тура келеді.

 

 

Бұл уақытта құжатты бүлдіру немесе жоғалту, қате ақпарат алу, интернет пен байланыстың үзілуі, компьютерлік немесе кеңсе техникасындағы ақау сияқты келеңсіз жағдайлар орын алады.

 

 

Осы орайда Әбдірайымова асығыс шешім қабылдамауға, ұшақпен ұшпауға, көлікт жүргізгенде абай болуға шақырды. Сонымен қатар, осы кезеңде тоққа түсу қаупі де бар.

 

 

"Әсіресе, айдың 30-ы мен 3-і аралығында дүниеге келген Сарышаян, Торпақ, Арыстан, Суқұйғыштар өте сақ болуы тиіс. Бұл айтарлықтай қиын кезең, бірақ махаббат планетасы саналатын &ndash Венера көп күттірмей жақсы жаңалықтар әкеледі", - деп болжады астролог.

 

 

Атап айтқанда, айдың 11-і мен 18-і туған Торпақ, Бикеш, Тауешкі, Сарышаяндар бір көргеннен ғашық болып, жаңа адамдармен танысуы мүмкін, табыстары молайып, қалталары қалыңдайды.

 

 

Астролог 17-18 қазан күндері қаржы істерінде сақтық танытуға кеңес берді.




Көрілген: 1356    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.10.2020, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қараша, 14:57
    Абылайдың түсі
    11 Қараша, 14:36
    О дүниеден оралғандар
    10 Қараша, 13:14
    Қарияның қарғысы...
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30