Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кесілген бастың әлегі

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, қазақ әфсанасы расқа айналды. «Жыланды үш кессең де кесірткелік әлі бар» деген. Бұрын үлкендер жылан өлтірсек, денесін әлденеше бөлікке бөлдіріп, бөлек көмілдіретін.

 

 

Қытайдың оңтүстігінде жаға ұстатар жағдай орын алды: аспазшыны өлі жылан шағып алған.

 

 

Қытайда жылан етінен таңсық ас дайындайтын аспазшылар ендігі жерде жорғалаушылардың осынау түрінің өлі денесін де абайлап қолданатын болды.

 

 

Біз сөз еткен аспазшы кобраның басын кесу үшін жиырма минутын сарп еткен екен.

 

 

Тарқатып әрі нақтырақ айтқанда, Фошан қаласының Пенг Фан есімді бас аспазшысы кобра етінен тағам түрлерін дайындайтын. Әдеттегіше ол кобраның басын кесіп, бөлек қояды да етін боршалауға кіріседі.

 

 

Жарты сағаттан кейін ол жыланның басын қоқысқа тастау үшін қолын созады. Сол кезде денесінен бөлініп қалған кобраның басы адамға шабады. Аспазшы жедел жәрдем келіп жеткенше жан тапсырады.

 

 

Осы арада айта кету керек, денесінен бөлініп қалған жыланның басы бір сағаттай уақыт жыбырлап жатуы мүмкін, алайда, адамға шабатыны сирек кездесетін оқиға.

 

«Жыланды үш кессең де кесірткелік әлі бар» деген ата-баба сөзінің жаны бар.

 

 

islam.kz




Көрілген: 4297    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 13:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Мамыр, 19:18
    Қабірдегі өмір
    25 Сәуір, 10:31
    Әруақ
    23 Сәуір, 17:26
    Өң мен түстің арасы
    12 Сәуір, 11:09
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31