Кейуана қабірден тірі күйінде табылды
Ер адам 79 жастағы анасын қол арбаға отырғызып алып кетіп, ешкім жоқ қабірге жерлеп тастаған. Үш күн өткен соң кейуананың жоғалғанын полицияға қаскөйдің әйелі хабарлады.
Қытайдың Шэньси провинциясында кейуананы тірі күйіне жерлеген 58 жастағы ұлы сотталды, &ndash деп жазады China Daily.
Ер адам 79 жастағы анасын қол арбаға отырғызып алып кетіп, ешкім жоқ қабірге жерлеп тастаған. Үш күн өткен соң кейуананың жоғалғанын полицияға қаскөйдің әйелі хабарлады.
Басылымның жазуынша, кейуана қабірде шамамен 70 сағат жатқан. Полицейлер оны тауып алып, ауруханаға апарған.
Кейуана құтқарылған соң ұлының түрмеге түсетінін айтып, алаңдаған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қыркүйекте ол қайтыс болды.
Ер адамға анасын қасақана өлтірді деген айып тағылып, ол 12 жылға сотталды.