Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Қиылыс қарғысқа ұшыраған": Экстрасенс блок-бекеттегі екі полицей өлімі кездесоқ еместігін айтты

  • "Қиылыс қарғысқа ұшыраған": Экстрасенс блок-бекеттегі екі полицей өлімі кездесоқ еместігін айтты

Көксай ауылының тұрғындарының айтуынша блок-бекеттегі жол апаттарының болуы кездейсоқ емес. Тылсым күш пен тынымсыз әруақтардың ісі дейді. Тұрғындарды тыныштықтан айырған тылсым күштің қожайыны кім? Екі полицейдің өліміне қандай қатысы бар? Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқатқа" сілтеме жасап хабарлайды.
 

Көксай ауылында орналасқан 4-бақылау бекетінде 25 мамыр күні екі полицей жол апатынан қайтыс болып еді. Ал Көксай ауылының тұрғындары аталмыш жерде күн сайын ақылға қонымсыз оқиғалар орын алады деп дабыл қағуда.

"Күнде қырғын, төбелес болады. Күнде полиция қызметкерлері келеді. Қиылыс қарғысқа ұшыраған деп айтады", - дейді ауыл тұрғыны Гүлжазира Жұмабаева. Оның айтуынша бұл көшеде орын алған оқиғалар кездесоқ емес, кесапаттан.

"Екі полицей қайтыс болды, ал біреуінің жағдайы өте ауыр хәлде. Соның бәрі осы жердің кесірінен деп ойлаймын. Өлімді, жаманшылықты шақырып тұрады ма білмедім. Осы жердің сондай түсініксіз бір нәрсесі бар", - деген Гүлжазира осыдан он жыл бұрын ашқан дүкенінде де тылсымның орын алғанын айтады. Саудасы жүрмей, саудагерлері жұмыс істемей қашатын көрінеді. Қызметкерлерінің мазасын алған тылсым күш бір күні Гүлжазираның өзіне көрініп есін шығарған.

"Дүкенде істеп жатқан адамдар да біреуді көрдік, біреу келіп бізді қылқындырады, төбеде біреу жүрді деп айтады. Сосын өзім істеген кезде де көрдім. Кәдімгідей мүйізі бар, ұзын құйрығымен есіктің алдында отырғанын көргенмін", - дейді ол.

Өзін мыстан деп таныстырған Ханша дәл осы қиылыстың құпиясы туралы былай дейді:

"Мына жерде көп адам жылайды. Өте көп адам қасірет шегеді. Көшені кесіп өткен бала да өлген. Олардың барлығы қазір осында жүр. Осы жерде отыздан аса жол апаты болған. Дәл осы жер үшбұрыш сияқты. Жердің ортасы ашық. Сол жақтан ібілістер шығып өз құрбандарын алып кетеді. Мұнда тағы да өлім болады", - дейді ол.

Не себепті бұл жерде өлім-жітім жиі болады деген сұрағымызға Ханша мыстан былайша жауап қатты.

"Мына жердегі қасіреттің кінәсі кімде десеңіз, оның бәрі көше бойында тұрған үйде. Бұл үйде орыс кемпір тұрған. Оған көшедегі шу ұнамайды. Тыныштықты жақсы көрген. Ол қазір тірі емес. Ол осы жерді қарғыстаған. Сосын оның адамдарға деген өте үлкен көреалмаушылығы бар. Оған біреудің балалы болып, қуанып жатқаны ұнамайды. Ол осында ібілістерді шақырып, адамдарға күн көрсетпеуді тілеген", - деген ол блок-бекеттегі екі сақшының өлімі кездесоқ емес дейді.

"Форма киген екі жігіттің өлімі кездесоқ емес. Бұл кемпірге формадағы кісілер үйіне келген. Бірақ кемпір оларды жек көреді", - дейді Ханша.

"Сағат төртте жас полицей "кетейікші, бізді кім біледі" деген. Ол осындай жағдай болатынын сезген. Ал екінші полицей жұмысқа берілген болған соң "жоқ, біз осында боламыз, сен ұйықтасаң ұйықтай бер, сәлден соң кетеміз деген", - деген Ханша өлім әлі де болатын айтады.

Ханшаның айтуынша қос сақшының кетіп қалуға мүмкіндіктері болған, бірақ бұл жердің қарғысы жібермеген.




Көрілген: 842    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 20:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31