Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кім осы аптада махаббатын жолықтырады - Жұлдыз жорамал

  • https://stavroskrest.ru/

    https://stavroskrest.ru/

Астрологтар бүгіннен бастап алдағы алты күн ішінде қай зодиак белгілерін жеке өмірде қуаныштар күтіп тұрғанына болжам жасады деп хабарлайды "Профиль" басылымы.

 

Сонымен 15 ақпаннан 21 ақпанға дейінгі аралықта кімдер өзінің өмірлік серігін жолықтыруы мүмкін?

 

Тоқты

 

Осы апта тоқтылар үшін жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Астрологтар бұл зодиак белгілеріне өз махаббатын табу жолында тұйық болмауға кеңес беруде. Ал отбасылы Тоқтыларға уақытын жан жарымен көбірек өткізу қуаныштар сыйламақ.

 

Торпақ

 

Торпақтар енді сәл күтетін болса, өмірінде оң өзгерістер болады. 21 ақпан күні Меркурий ретроградтық қозғалыстан шығып, серігін белсенді түрде іздеуге кіріседі дейді астрологтар.

 

Егіздер

 

Егіздер үшін бұл апта екінші жартысын іздеу үшін оңтайлы уақыт болмақ. Себебі, жеке өмірде бұл зодиак белгілерін де сәттілік күтіп тұр.

 

Шаян

 

Шаяндарға өз жан-дүниесін түсініп, өзін жақсы жақтарға өзгертуге кеңес берілуде. Бұл өз алдына өмірін махаббатқа толы етуге мүмкіндік беретін болады.

 

Арыстан

 

Астрологтар Арыстандарға ішкі түйсігіне сеніп, өзгелердің көңіл-күйін түсінуге тырысу керектігін айтуда. Осы аптада оларға қарым-қатынаста барынша қырағылық танытқан абзал.

 

Бикеш

 

Бикештерге жеке өмірінде де, кәсібінде де асығыстық танытпауға кеңес берілуде. Олар байыппен шешім қабылдайтын болса, апта сәтті өтпек.

 

Таразы

 

Таразылар үшін осы аптада адамдарды түсіну оңайға соқпақ. Бұл қарым-қатынастарды реттеп, жан жарын жолықтыруға көмегін тигізеді.

 

Сарышаян

 

Сарышаяндарға өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ дейді астрологтар. Өгерістер өмірлік серікті жолықтыруда сәттілік алып келмек.

 

Мерген

 

Астрологтардың болжамынша, Мергендер ойын жинақтамайтын болса, жанжал туындауы ғажап емес. Қарым-қатынасты бастамас бұрын оларға күмәндерден арылуға кеңес берілуде.

 

Тауешкі

 

Тауешкілер жаңа шешімдер қабылдаудың арқасында өз махаббатын жолықтыруы мүмкін. Оларға жан жарын кездестіру үшін өмірінде сәл өзгерістер жасау қажет.

 

Суқұйғыш

 

Бұл зодиак белгілері үшін жақындарымен түсінбестіктер туындауы ғажап емес. Жанжалды болдырмау үшін оларға шыдамды болуға кеңес берілуде. Ал жаңа қарым-қатынасты бастамас бұрын барынша ойланған абзал дейді астрологтар.

 

Балықтар

 

Балықтар осы аптада жағымсыз қарым-қатынастардан құтылу мүмкіндігіне ие болады. Ал махаббатқа толы жарқын болашақ құру үшін еңбектену қажет дейді астрологтар.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 3743    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 09:04
    ӘКЕ ҚАРҒЫСЫ
    20 Наурыз, 01:59
    Аян берілер түстер...
    19 Наурыз, 16:02
    Түннің құпиясы
    16 Наурыз, 22:21
    ӨЛІМ ПЕРІШТЕСІ
    13 Наурыз, 02:03
    Жанның мекені қайда?
    2 Наурыз, 12:26
    Тымақ киген бала...
    1 Наурыз, 10:03
    Адам неге түс көреді?
    9 Ақпан, 09:40
    «Елес» деген бар ма?
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30