Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қожайынынан кек қайтарған құлдың аруағы

  • © forum.worldoftanks.ru

    © forum.worldoftanks.ru

(Жапонияның Чюбу аймағының аңызы)


Баяғыда бір атақты самурай болыпты. Бірде ол құлы екеуі жолға шығады. Жаздың аптап ыстығында кенезесі кеуіп келе жатқан самурайдың көзі қауын бақшасына түседі. Сайдың тасындай теңкиген қауындардың пісіп тұрған шағы екен. Самурай ойланбастан біреуін қылышымен жарып жіберіп шөлін қандырады. Қауынды жеп болғанда бұл әрекетінің ұрлық екенін сезеді. Самурай құлы екеуі ары қарай жүре береді. «Екеуміз біреудің бақшасынан қауын ұрлап жегенімізді ешкімге айтпа» дейді Самурай құлына. Құл «тіс жармаймын» деп уәде береді. Күн ұясына батып, түн болғанда екеуі бір тауға жетеді. Тауда түнемек болады. Самурай «Құлдың аузында сөз тұрмас. Ертең-ақ менің ием ұрлық жасады деп елге жайып жіберер. Одан да бұның көзін құртайын» деп ойлайды да, ұйықтап жатқан құлдың басын шауып тастайды.


Атақты Самурайдың құлы жолда өлді деген хабар бүкіл елге жайылады. Құлдың шешесі еңірегенде етегі жасқа толып, баласының басы шабылған жерге келеді. Ананың зарлағандағы даусы бүкіл елдің сай-сүйегін сырқыратыпты дейді. Баласының басын құшақтаған әйел өзеннің жағасына келіп, «Егер өз кінәңнан өлсең, суға бат, кінәсіз болсаң су бетінде қалқып ақ» деп, басты өзенге тастапты. Бас суға батпай, бірден өзен ағысына қарсы жоғары қарай қалқып барады екен. Бұл көрініске куә болған жұрт қатты таңқалыпты дейді. Сол түні бас шабылған жерде оттың ұшқыны пайда болып, әуеге көтеріліпті. Самурайдың ауылының төбесінде күркіреген үн шығарған ұшқын елдің зәресін алыпты. Тылсым құбылыс самурайдың үйінің төбесінде найзағайдай күркіреп тұрып алыпты. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған Самурай көп ұзамай жынданып өліпті дейді.


qamshy.kz 




Көрілген: 3234    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.08.2018, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 11:34
    Қырықаяқ туған қыз...
    17 Қыркүйек, 11:08
    Қонақ үйдің №999 бөлмесі...
    15 Қыркүйек, 10:58
    Қабірден шыққан жігіт...
    12 Қыркүйек, 11:10
    Әкесін жемек болған бала
    9 Қыркүйек, 10:58
    Өң мен түстің арасы
    5 Қыркүйек, 10:40
    Адам ба, әруақ па?...
    2 Қыркүйек, 10:15
    66-шы үйдің құпиясы
    1 Қыркүйек, 16:35
    Жын-шәйтан туралы
    31 Тамыз, 10:25
    Пәтер
    29 Тамыз, 10:23
    Елес ауыл
    31 Шілде, 11:14
    Дуаның күші...
    29 Шілде, 15:48
    Махабаттың құдіреті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30