Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Көлік жүргізушісін құтқарған кім?

  • Көлік жүргізушісін құтқарған кім?

    Көлік жүргізушісін құтқарған кім?

Таяуда Майтөбе ауылындағы ауруханаға жатып шыққан едім. Сонда көрші палатада жататын Қабыл есімді шофер жігітпен сырлас болып жүрдім. Жолда көп жүретіндіктен оның қызықты оқиғалары да баршылық екен. 

«Вахталық жұмыста істеймін, – деді бірде ол. – Біз мұнайға қажетті жүктерді тасимыз. Оның салмағы 25-30 тоннадай болады. Қасыңда серік жоқ, түні бойы ұйықтамай, жүкті уақтылы жеткізуге тиіссің. Әсіресе түнгі уақытта қиындау. 

Өткен күзде батыс өңірдегі бір қаладан екінші қалаға жолға шыққанмын. Ара қашықтығы 400 шақырымдай болатын жерді бетке алып, зулап келем. Күн ұясына батып, іңір болды, қара түнек өз күшіне міне бастады. Мидай дала. Қыбыр еткен жан жоқ. Анда-санда қарсы жолыққан көліктер ұшырасады. Уақыт өте келе қатты шаршағанымды аңғардым. Осылай жүйткіп, ұйқы қысып келе жатқан мен бәрібір қалғып кетіппін. 

Кенет маңыраған қойлардың даусынан оянып кеттім. Сөйтсем, бір отар ма, екі отар ма, білмеймін әйтеуір, жамыраған бірыңғай меринос қойлар күре жолды кесіп өтіп жатыр екен. Сәл болмағанда мен оларды басып кете жаздаппын. Жол шетінде атқа мінген, үстінде жауыннан қорғанатын плащы бар қойшы да тұр. Мен тежегішті басып, әрең тоқтадым. Ауыр машина қисая жаздап, әрең түзелді. 

Содан қойлар өтіп жатыр ма деп алдыма қарап ем, қойлар да жоқ, қойшы да жоқ, жапан далада, жол шетінде жалғыз өзім қалыппын. Ойпыр-ай, жын ба, пері ме, қазір ғана қаптаған қой көшені кесіп өтіп жатқан жоқ па еді? Түсінсем бұйырмасын. Айдала, қыбыр еткен жан жоқ. Қойларды көргенім өңім бе, түсім бе? 

Содан машинадан түсіп, мұздай сумен бетімді жуып алдым. Жан-жағыма жалтақ-жалтақ қараймын. Ешкім көрінбейді. Өлі тыныштық. Қойлардың өткені рас па деп күре жолды да барлап көрдім. Олардың жүріп өткені мүлде байқалмайды. Түнгі сағат үште шынында да қандай қойлар көшені басып өтеді? Оған миым жетпеді. Сонымен көлігімді от алдырып, жүріп кеттім. 

Түсінбедім, сонда қойлар да, қойшы да менің көзіме елес болып көрінген бе? Жоқ әлде рульде ұйықтап кеткен мені оятқан әлдебір тылсым күш пе? Оны анық біле алмадым. Ішімнен білетін дұғамды оқып, сол түні жүкті діттеген жеріме жеткіздім-ау. 

Осы оқиға есімнен кетер емес. Түсім бе, өңім бе? Түсім дейін десем, бәрі көз алдымда. Маңыраған қойлар, жол шетінде тұрған қойшы. Тіпті қойшының киген киімдері де көз алдымда. Ал өңім дейін десем, олар қас-қағымда қалайша жоқ болып кетті? Елес пе, жоқ әлде басқа ма?» 

Қабыл інім әңгімесін осылай таңданыспен аяқтаған еді. Оның бұл айтқанына мен де пәлен дей қоймадым. Өйткені құпиясы көп мына әлемде сыры жұмбақ жайлар аз емес қой. 

К. ОРЫНТАЙ.

www.zamana.kz




Көрілген: 1676    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.01.2020, 19:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 11:30
    Қарғыс атқан мекен
    30 Мамыр, 09:38
    Түстегі аян...
    22 Мамыр, 09:20
    Жат құшақ
    2 Мамыр, 10:41
    Шайтанның азғыруы
    3 Сәуір, 11:08
    Ажал...
    25 Наурыз, 09:58
    Кенеттен шам сөнді...
    19 Наурыз, 10:29
    Пері мен долы әйел
    10 Наурыз, 14:17
    Пері...
    6 Наурыз, 09:14
    Нәрестенің киесі...
    23 Ақпан, 23:10
    Мәңгілік деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30