Үрейлі, шым-шытырық түстер адамның толыққанды тынығуына, яғни, ұйқы сапасына кері әсерін тигізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іslam.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жайында ресейлік сомнолог дәрігер Роман Бузунов RT телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, шектен тыс жинақталған ақпаратты қорытудың салдарынан адам шым-шытырыққа толы үрейлі түстер көреді.
Білікті маманның сөзіне қарағанда, ұйқы кезінде ұзақ уақытқа созылатын жады қалыптасады, қоршаған ортаға бейімделу әрі қалай әрекет ету керектін шешу үшін іздену процесі жүреді.
Адам түсінде әлденеден қашады немесе қуады, т.б. бұл әрекеттер адамның ұйқы кезіндегі ізденісінен хабар бермек. Мұны «бейімделу элементі» деп атайды.
Осылай деген ол мұндай түстерді жиі көретін болса, стресс пен күйзеліске бой алдыруы мүмкін екенін ескертеді.