Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қоян жылын қалай қарсы алу керек? Ырым-тыйымдар

30 желтоқсан 2022, 15:05

Көптеген отбасы жаңа жыл кешіне дайындалып, қарбаласып жатыр. Алайда, жылды қарсы алуға қатысты ырымдардың барын білеміз бе? Нумеролог Құралай Бақыт солардың бірқатарын атап өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша 12-ні қарсы алудың жыл иесіне қарай өзіндік тәртібі бар.

 

Мәселен, қоян тыныштықты жақсы көретін жануар болғандықтан, бөгде адамдармен қарсы алмаған дұрыс. Мерекені отбасымен бірге өткізу керек екен.

 

"Ал, дастарханға келетін болсақ, сәбізден жасалған салаттар, түрлі тағамдарды ұсынған жақсы. Жыл саны - 7. Үйге жеті данадан заттар алуыңызға болады. Мысалы, өткен жылы алты шыныаяқ ырымдап алып жаттық. Негізі 7 - махаббат саны. Шыршаға жұптар символы, жүрекше ойыншықтар іліп қоя аламыз.

Тағы бір ырым - дәл 31 желтоқсан күні үйді сыпырып, тазалық жұмыстарын жасауға болмайды.

25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығының энергетикасы мықты. Осы уақытта тілеген армандарыңыздың орындалу ықтималдығы жоғары", - деді нумеролог.

 

Сонымен қатар, биылғы жылдың түсі - қара мен көк екенін атап өтті.