Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Көз алдымнан бейкүнә сәбидің елесі, құлағымнан үні кетпейді

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Мен бүгін басымдағы жағдайды осында жазайын деп шештім. Үлкен отбасыға келін боп түстім. Енем мен атам өте жақсы. Бір абысыным өзімнің жақын құрбымдай. Арамыздан қыл өтпейтін бауырмыз. Басқалары да жақсы.

 

Енді менің мәселем, соңғы бір жылда түнде нəрестенің жылағанынан шошып оянамын. 25 қазан күні монша жақтық, түнде бəрі түскен соң кір жуып жайып шықсам,моншаның алдында шақалақ нəресте жатыр. Қолымдағы легендіі тастай сап еңкейсем бала жоқ. Елес пе білмедім.

 

Күйеуім,абысыным,үйдегілердің бəрі ештеме естімедім дейді. Енді осы аптада екі рет көрінді сол бала. Моншаның жанында бір сарай бар, ескі заттар тұратын. Соның ішінен байқағандай болдым. Екіншісінде сол сарайдың ішіне кіріп кеткендей көрінді.

 

Үйдегілерге айтсам бəрі оқытыл дейді. Абысынымның төркініне үш күн жатып оқытылып келдім алдында. Бірақ құлағымда бөпенің жылаған даусы. Менен басқаға көрінбейді. Ойлансам осыны айтып жыласам енем ғана үнсіз қалады. Бірдемеге алаңдап жасырады.

 

Енді бізге бөлек шығыңдар,тез кетіңдер, сенің ауруың бөлек тұрсаң кетер дей береді. Мен төрт баламмен қыста қайда барам. Негізі абысынымда да алты бала. Бəріміз тату тəтті өмір сүрдік бүгінге дейін. Негізі атам абысынымды бөлек шығарам деп үй əперуге ақша жинап отыр еді. Енем енді бізге кет дейді. Қазір Алматыға кете беріңдер, көктемде жер алып үлкен үй сап берем, бөлек шығындар деп қоймайды. Атам да қыста қайда барады бөлек шықпайды десе, мені ауруынан жазылмайды бұл үйден кетпесе деп екеуі ұрысты.

 

Енді бүгін бір сұмдық естіп орнымнан тұра алмай отырмын. Бүгін енемнің үлкен абысыны мынаны айтты, үлкен əже ол кісі. Менің ең үлкен қайынəпкем мектеп оқушысы кезінде мұғалімімен жүріп қатты шу болған екен. Оны түскен кезімде көршілер айтқан. Қазір Астанада күйеуі мен үш баласы бар, ауылға екі жылда бір келеді де тез кетеді. Ол 10 класта өзінің мұғалімінен екіқабат боп қалып,жеті айлық қып босанып қойған екен. Енем оны білмеген. Қайынəпкем ішім деп жылағанда соқыршек деп абысынын шақырған. Қайынəпкем үйде босанып қалған.

 

Жеті айлық бала жылап туылғанмен туыла сала шетінеген. Сол кезде үйде ешкім болмапты. Енемнің абысыны ары қарай араласпай үйіне кеткен. Енем айтыпты баланы түнде молаға апарып көмдім деп.

 

Енді мына əже айтады ,енең ол баланы молаға көмген жоқ,ол күйеуінен,сол кезде тірі тұрған өзінің қайынатасынан қорыққан жəне өсектен қорыққан. Ол баланы үйдің ауласының бір жеріне жерлеген дейді. Сенің көзіңе көрінетін сол дейді.

 

Енді осыған сенер сембесімді білмей отырмын. Енем неге көзіме бала көрінді десем үндемей қалады. Қайынəпкем неге осы үйге жылына бір рет кеп тұрып екі күн қонып кетіп қалады?

 

Тəуіпке барып оқытылайын десем енем айқай шығарып жібермейді. Бұрын ауырсам өзі молдаларға ертіп барып оқытатын. Енді екі айдан бері кет, кет дей береді. Не істерімді білмей бүгін осында жаздым.

 

Аноним  

alashainasy.kz




Көрілген: 2943    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 22:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 11:50
    О дүниеден оралған жігіт
    25 Қыркүйек, 13:49
    Жын мен жігіт
    24 Қыркүйек, 14:37
    Көріпкелге бармаңыз...
    21 Қыркүйек, 14:17
    Гипнозбен тонап кетті...
    17 Қыркүйек, 14:27
    Алтын көшкен түн
    15 Қыркүйек, 13:58
    Пері соққан Болатқан...
    9 Қыркүйек, 13:31
    Әкенің киесі...
    2 Қыркүйек, 15:02
    Бір түнде қартайған екен
    11 Тамыз, 15:02
    Мәйітханадағы түн
    19 Шілде, 21:29
    Періште мен сайтан
    27 Маусым, 14:36
    Көрден шыққан кемпір
    12 Маусым, 16:06
    Ананың қарғысы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30