Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кішкентай қыздың түсі

  • © anabol.kz

    © anabol.kz

Бұл – бес жасар кішкентай қыздың түсі. Кішкентай қыздың шешесі оны жетелеп жүріп келеді. Қыз шешесінің қолын қоя бере салып, жол шетіндегі қызғалдақты аламын деп қолын соза бергенде, шешесі одан ұзап кетеді. Қыз жан дәрменімен шешесінің соңынан жүгіреді. Неліктен екені белгісіз, оның екі аяғы өзіне бағынбайды.


Дәл сол сәтті кішкентай қыз: «Шеше!» деп айғай салады. Ендеше, қыздың түсіндегі шешесі қандай әрекет жасауы мүмкін?




А. Қыздың айғайлаған дауысына назар аудармай, алыстаған күйі кете барады.




В. Дереу артына бұрылып, қызының қасына жүгіріп келіп, оның басын сипайды.




С. Жүрісін тоқтатып, қызға қарап қолын бұлғайды. «Балам, тезірек жүр!» деп дауыстайды.


 


«А» жауабын таңдаған адамдар: Сыңаржақты және көпшілік ортада үрейленгіштігі басым. Қол үзер, қош айтысып айырылысар сәтте өз-өзінен бұқпантайлап, жасырынғысы келеді. Сәби күніңізде омыраудан ерте шыққан болуыңыз мүмкін. Сондықтан, көңіліңіз қалайтын дүниеден айырылғанда үрей мен қорқыныш жаныңызды билейді екен. Басқа қарапайым адамдармен салыстырғанда, жалғыздықтан қатты қорқасыз, сол себепті, тіршілік етуге мол мүмкіндігі бар, еркін ортаға келгенде көңіліңізді алаң басып, жалғыздықты қатты сезінеді екенсіз. Өзіңізді қорғайтын, сізге тыныштық бағыштайтын адамның табылатынына сеніңіз, осыдан кейін ғана бұл үрейден айығуыңыз мүмкін.


«В» жауабын таңдаған адамдар: Жалғыз қалғаннан қатты қорқасыз және оны сыңарезулікпен жасырасыз. Бала күніңізде анаңыз сізді қатты аялап өсірген. Ананың шектен аса мейірін төгуі әрине жақсы, бірақ, бұл құбылыс сізді өз субъективтік қасиетіңізден айырып тынған. Сол себепті, сіз іштей анаңыздың (немесе сондай жақын адамдарыңыздың) басқаруына өтіп кетемін бе деп алаңдайсыз. Мұндай жан күйі, сезініс сізді тіптен жалғыздыққа қарай жетелей түседі. Өзіңізді тәуелсіз болуға тәрбиелеңіз. Өзіңізге тән көзқарастар мен танымды қалыптастыруға құлшыныңыз.


«С» жауабын таңдаған адамдар: Ішкі жан күйі қалыпты адам. Анасымен (немесе сол сияқты жақын адамдарымен) ара қатынасы қалыпты жағдайда. Балалық шағында ана мейірі мен туысқандар арасында аялау мен мәпелеу жүргізілген. Тағы бір сөзбен айтқанда, өз кеңістігіңізде сізде ешқандай ішкі үрей мен қорқыныш жоқ.


anabol.kz/




Көрілген: 1440    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.05.2019, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Сәуір, 23:19
    Қайта тірілген адам
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31