Құнанбай мешітінің құпиясы...

Құнанбай мешітінің құпиясы...

 «- Мешіттің өзі де келіскен-ақ екен!..

 

- Бұл Қарқаралы көрмеген сәулет қой&hellip &mdash десіп, Бурахан, Төлепберділер де сүйсіне сөйлейді&hellip

 

Абай Қарқаралыға келгелі «мешіт» деген сөзді әкесінің аузынан да және басқа атқамінерлердің аузынан да көп-көп есітетін. Әкесінің атақ, абыройын осындай көп аузына қатты жайып бара жатқан сол мешіт жөні екенін де жақсы біледі. Құнанбай өткен жаздан бері бұл атыраптағы ең бірінші мешітті осы Қарқаралы қаласына өз әмір-құдіретімен салғызып жатқан. Сол мешіт бүгін әбден бітпек еді. Қала ішіндегі молда, қалпе атаулы, ел ішіндегі атқамінер қарт-қария атаулы мешіт салғызғаны үшін Құнанбайды шынымен көп дәріптейтін.

 

Құнанбайға екі күн бұрын келіп кеткен қазағуар имам, молда Хасен

 

Саратай да: «Қарадан хан туған өзіңсің&hellip Мәсжідтің кәлам шәрифтегі бір исмі &mdash Бәйтолла&hellip Хұдай тәбарака уа тағаланың үйі&hellip Оны надан қауым қараңғы сахара ортасына салған сен, иеңнің сүйген құлының бірі боларсың.  Ынша алла&hellip &mdash деп, көп атқамінер, старшын, ұлықтар алдында алғыс айтып, фатиха беріп еді&hellip ».

 

Иә, Қарқаралы өңірін көрмеген қазақтың бәрі бұл мешітпен «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы әлдеқашан танысып қойған. Сол аңыз-мешіттің табалдырығынан біз де аттадық. Іші-сырты ертегідегі сарайларды елестететін мешіт ағаштан салынған. Ішкі қабырғалары да ағаш, яғни, жіңішкелеп тілінген тақтайшалар. Бірақ құрылысы еліміздегі өзге мешіттерден ерекше, шіркеулерге ұқсастық бар: бұл құрылысшылардың өзге дін адамы болғандығынан болар деп топшыладық. Мешіттің ішінде тылсым сыр бардай. Өз-өзіңнен ой тұңғиығына сүңгіп, өткен заманға сапар шеккендей боласың. Білетіндердің айтуынша, Құнанбай мешітінде ерекше құдірет бар. Сол туралы «Алаш айнасы» порталында сырт тарқатқанды жөн көрдік.

 

Қарқаралы уезіне 1849 жылы аға сұлтан болып сайланған Құнанбай мешіт құрылысына дайындықты 1947 жылдан бастап қолға алған деседі. Құрылысқа пайдаланылған қарағайлар кесіліп, сөлі ағызылып, қаңсытылған көрінеді. Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, имандылық ордасының құрылысына уездегі 16 болыс ел түгел көмектесіпті. Құнанбай қажы әр келген көмекті тізімдеп, құжаттап, мөрімен бекіткен дейді. Осы құжаттар қазір жергілікті музейлердің бірінде сақтаулы екен.

 

Қарқаралыда жүріп мешіт туралы қызықты әңгімелер естідік. Ал Назерке Жұмабай атты замандасымыз жазған мына бір дерек көңілімізді ерекше аударды.

 

1924 жылы тәркілеудің алғашқы кездерінде Қарқаралыға келген белсенділер: «Мұның мұнарасын құлату керек, кеңсе қыламыз!» &ndash деп, мешітті кеңсеге лайықтауға тырысады. Әлгі белсенділер қасиетті орынның мұнарасын кім құлатады деп тұрғанда, араларынан Имаш деген кісі: «Мен құлатамын, онда тұрған не бар?» &ndash деп, ағаш мешіттің үстіне жүгіріп шыққан кезде, қолынан балтасы ұшып кетіп, аяғы тайып құлап, сол жерде мерт болыпты. Бұл құдіретке түсіне алмаған белсенділер: «Мынау жансыз үй қараптан қарап біздің бір кісімізді өлтірді», &ndash деп, мешітті өртеп жібермекші де болған. Қасиетті үйдің есігінің алды түгелдей қоршалған тал шарбақ болған екен, соның бәрін үйіп, кіл ағаштан салынған мешіттің шығыс жақ шетінен өрт қойыпты. Сол уақытта талдың өзі ғана жанып, мешіттің іргесіне от дарымапты. Жай ғана сыртын қара күйе шалып, сырлап қойғандай болып қалған екен. Ызаланған белсенділер отты енді батыс жақ шетінен қойып, өртемекші болғанда, сол жерде жүрген адамдардың біреуінің көзіне жағымсыз елестер көрінсе, енді біреуінің жанарына шоқ түсіп әбден титықтатыпты деп айтып отырады екен  үлкендер. Сонымен қатар, дінге қарсы болған Кеңес өкіметі кезінде Құнанбай қажы мешітінің айшығын атып түсіріңдер деген бұйрық та болады. Біраз кісілер айшықты нысанаға алып атқанымен, оқтары дарымайды. Содан бір кісінің оғы мешіт мұнарасына дөп тиіп, айшық жерге құлап түседі. Ал атқан кісі сол жерде доп секілді домалап, жан тапсырыпты. Естері шыққан белсенділер бастапқы ойларынан бас тартып, мешітті жауып қойып, өздері кетіп қалыпты. Ешкімді жолатпай, есік-терезесінің барлығын жаптырып тастапты. Содан 1941 жылға дейін жабық тұрған. Кейін Ұлы Отан соғысы басталған кезде соғыс зардабын тартқан бауырларымыз Украина, Белоруссия, Закавказье сияқты шет мемлекеттерден келіп, осы жерді жатақхана ретінде тұрақ етіпті. Бірақ олар бұл жерде көп тұрақтай алмаған. Бірінші күні шаршап келеді. Екінші күні аса ештеңені байқамайды. Бас-аяғы екі қонып, үшінші күні мазалары қаша бастайды. Қолдарына сөмкелерін ұстап алып, есіктің алдында үрпиісіп отырғандарын көріп: «Неге ішіне кірмейсіңдер, жатпайсыңдар? &ndash деп сұраса: «Бұл бір мазасыз нашар үй екен, ішіне кіріп жатуға болмайды, маза бермейді, тыныштық жоқ!» &ndash деп реніштерін білдіріпті. 1991 жылға дейін бұл жер әр түрлі қоймалар қызметін де атқарыпты. Одан соң кітапхана, кейін Пионерлер үйі болады. Үлкендердің айтуынша, мешіт қойма болып тұрған кездің өзінде тұрғындар талай тылсымның куәсі болған екен. Кешкілік күллі қойманың ішін тап-тұйнақтай етіп жинап, таңертеңгісін келсе, реттеп кеткен күріш, қарақұмық сияқты көптеген дәнді дақылдар бір-біріне араласып, қаптардың орындары қозғалып, бейберекет шашылып жататын да жайттар жиі қайталанады. Басында бұл бейберекеттікті күзетшілерден көрген. Содан қаншама сенімді адамдар келіп, түнімен күзетеді. Алайда ешкім ештеңені ұрламайды, тек таңертең барлығы бір-бірімен араласып, қойманың іші ыбырсып шашылып жатады. Кейіннен мұндай жағдай мешіт кітапхана болып тұрған уақытта да қайталанады. Іргедегі сөрелерге реттестіріп жинап кеткен кітаптар таңертең ортада үйіліп жататын көрінеді. Сондай-ақ, қасиетті орын Пионерлер үйіне айналғанда да, кешкісін қалдырып кеткен барабан, горн сияқты саз аспаптары түнімен сырнай тартып, күзетшілердің зәрелерін алыпты. Ақырында билік басындағылар мешітті жауып тынады&hellip

 

1991 жылдан бастап қайтадан азан үнін аспандатқан қасиетті орда бүгінде мемлекет қорғауында.

 

 

Автор: Жанаргүл Қадырова

alashainasy.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста