Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Күндік жерге көзді ашып-жұмғанша жететін Ыбырай диуана

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Баянауылда өмір сүрген, жұрт Әліпбайдың диуанасы деп атаған Ыбырай диуана туралы мына бір әңгімені «Алаш айнасы» порталына жариялап отырмыз.

 

&ndash Ыбырай диуананың өзi &ndash отбасылы болған адам, үш қызы бар едi, қазiр екi қызынан ұрпақ бар. Соғыстың жүрiп жатқан уағында бiздiң әкей жасы келiп қалған кiсi, бiрақ ер-азаматтың жоқтығынан Белағаш колхозына басқарма қылып сайлап, сол жерге көшiп келдiк. Ол кезде Белағаш пен Бiрiншi май &ndash екi колхозға бiр ауылдық совет. Және соғыс уағының заңы қатал, пошта ауылға күнбе-күн жетiп тұруы керек. Белағаштан шығып, Бiрiншi майды басып жүргенде, аудан орталығы Баянға дейiн 100 шақырым жер. Таңғы намазын оқып ауылдан шығып кеткен диуана сәске түс болмай аудан орталығы Баянға жетiп, ол жерден поштасын алып, түс ауа Белағашқа қайтып оралады. Күнiне 200 шақырым жер жүру деген белi берiк мақтаулы атыңның өзiне сын.

Осыған таң болған ауыл адамдары, әсiресе өзiнiң туыс-туғандарының балалары кей уақта диуананың соңынан аңдып бiрге шығады екен. Аса таяғын ұстап, қоржынын иығына асқан ол &ldquoАлла хақ!&rdquo деп қойып, ақырын бүлкектеп қырдан асып кете барады. Соңынан iле шыққандар жаңағы дөңге көтерiлсе, диуана iзiм-қайым жоқ. Аспанға ұшты ма, жер жұтты ма, оны ешкiм бiлмейдi. Қыстың күндерi де соңынан бiрге шығып аңдып көредi, сонда ақ қардың үстiнде әр жерден бiр түскен табанының iзiн ғана көредi, - деп әңгімелейді ол туралы Баянауыл ауданы Күркелі ауылының тұрғыны, шежіреші қарт Нығмет Жәмінов.

 

&ndash Ол кезде ойын баласымыз, әлi есiмде, жаз болса ақ көйлек-дамбал, қыста шекпен киетiн диуана қыр асып аудан жақтан келе жатқанда, бiр топ бала &ldquoуралап&rdquo алдынан шығамыз. Ол заманда ас тұзы қат болатын. Әйелдер жағы Ыбекеңе тұз, басқадай керек-жарағын қосып жатады. Соның бәрiн ерiнбей жинап-терiп алып келетiн. Бiрде Бiрiншi май колхозының төрағасы ауданға кетiп бара жатқан диуанаға: &ldquoСырқаты бар бiр туысыма бұлауға түсуге қажет едi, жарты қап сұлы ала кетiңiзшi&rdquo, &ndash дептi. &ldquoЖарайды, қарағым&rdquo деп сөзге келмеген ол қапты иығына салып алып, жортып жүре бередi. Дегенмен диуана қыр асып кеткесiн әлгi адам әрi-берi ойланып, &ldquoқой, жаяу жүрген адамға сұлы арқалатқаным дұрыс болмас, өзiм жеткiзiп берейiн&rdquo деп, жақсы бiр атқа мiнiп, соңынан қуа шығады. Қырға көтерiлсе, диуана көрiнбейдi. Жарты жолға барады &ndash жоқ. Осы кiсi адасып кеткен жоқ па деп, артына бұрылып та қарайды, көрiнбейдi. Ақыры Баяндағы туысының үйiне барса, диуана сол жерден шайын iшiп болып, шығып келедi екен. Жарты қап сұлының шамамен 25-30 келi салмағы бар десек, ол жаяу адамға аз жүк емес. Сонда Ыбырай диуана оны 100 шақырым жерге бiрер сағаттың iшiнде қалай жеткiздi, аспанмен ұшып барды ма, оны қолдап жүрген қандай белгiсiз күш, ол жағы жұмбақ.

 

Ал торайғырлық Жұмат Құрманұлы ақсақал атақты диуана туралы былайша сыр шертеді:

 

«Алпысыншы жылдардың аяғында бiздiң үйде &ldquoҚұрманның қара аты&rdquo дейтiн жүйрiк қара ат болды. Әкем Қарқаралының &ldquoҚоянды&rdquo совхозында тұратын бiр ағайындардың халiн бiлмекке осы қара атты мiнiп жолға шығады. Маяжонның тұсынан өте бергенде, мойнына асқан қоржыны бар, ақ көйлек-дамбал киген бiр қария қуып жетiптi. Амандасқасын: &ldquoАпырмай, қарағым, атың тым тәуiр екен, әрең қуып жеттiм&rdquo, &ndash дейдi. Әлгi адамға жақындағысы келмей, қара ат қорс-қорс үркедi дейдi. Әрi-берi жөн сұрасқасын атам оның Әлiпбайдың диуанасы екенiн бiлiп: &ldquoАқсақал, атқа сiз мiнiңiз, мен жетектейiн, тым болмаса мiңгесiңiз&rdquo, &ndash дептi. &ldquoЖоқ, шырағым, рахмет, Алла сәтiн салса, аяңдап өзiм де жетем ғой, жолың болсын, жүре бер&rdquo, &ndash дейдi. Сөйтiп, төрт-бес қыр асып кеткен әкей сусын iшпек болып Тоқтықыстау деген қыстаққа бұрылады. Барса, қойларына қасқыр шапқан екi қойшы тас-талқан болып төбелесiп жатыр да, қашан жеткенi белгiсiз, диуана әлгi екеуiн арашалап жүр екен. Бұл жерден сусын болмасын бiлген әкей әрi қарай жүре бередi. Бiраздан соң диуана тағы қуып жетiптi. &ldquoАпырмай, мыналар бiр құдайдан безгендер екен, арашалаймын ба деп едiм, өзiмдi төмпештеп тастай жаздады&rdquo, &ndash деп жаңағы екi қойшыға кейiп жүр дейдi. Әкей онымен қоштасып әрi кетiп, жолдағы ауылда атамның танысы, ақсақ Әйткен деген кiсiнiң үйiне соқса, диуана сол жерде шайын iшiп, жайбарақат отыр екен. Қашан, қалай жеткенi белгiсiз.

 

Шежіре шертіп, тарихи тақырыптарға қалам тартып жүрген журналист Сайлау Байбосынның айтуынша, Ыбырай диуана жөнiнде Баянауылдан шыққан белгiлi ғалым-геолог Қалкен Жәмiнов сонау бiр жылдары &ldquoЖұлдыз&rdquo журналына &ldquoЖелаяқ хат тасушы&rdquo деген мақала берген екен. Ол уақытта диуананың көзiн көрген адамдар әлi бар кезi, Қалкен Жәмінұлына бiраз әңгiме айтыпты. Мақалада Ыбырай диуананың ағасының баласы Иманжұпардың мынадай естелiгi де келтiрiліпті:

 

«Күнбе-күн Керекуге барып келетiн Ыбырай әкемiз жасы келген соң кеудесi қысып, жатып қала беретiн болды. Ауылдан ұзап ешқайда шықпайды. Сөйтiп жүргенде, бiр күнi жоқ болып кеттi. Екi-үш күн оралмағасын, астыма әлдi ат мiнiп, азық алып, iздеп шықтым. Бiрнеше күн өттi, бiрақ көрдiм-бiлдiм деген бiр адам жоқ. Ақыры шаршап, бiр зираттың етегiнде демалып жатыр едiм, молалардың iшiнде жүрген әкейдi көрiп қалдым. Қасына барам дегенше, көзден ғайып болды. Содан, сол маңайға түнеп, ертесiнде ол кiсiнi қорымның iшiнде ұйықтап жатқан жерiнен таптым. Өзi әбден жүдеген. &ldquoӘке-ау, қайда жүрсiз, сiздi iздеп бармаған жерiм жоқ&rdquo, &ndash деп едiм, &ldquoМен Алланың тапсырмасын орындап жүрмiн, оны саған бiлудiң қажетi жоқ&rdquo, &ndash дедi де қойды. Оның бiр апта бойы қайда жүргенi, не iстегенi солай жұмбақ күйiнде қалды».

 

Әліпбайдың диуанасы жайлы біз білетін әңгіме, міне, осындай.

 

 

Автор: Жанар Әбдікәрім, Павлодар облысы

alashainasy.kz




Көрілген: 6631    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 11:33
    Қара басу...
    10 Қаңтар, 13:11
    Қорқынышты қуыршақ
    9 Қаңтар, 11:33
    Көк ешкінің хикаясы...
    23 Желтоқсан 2020
    Ақ көйлекті әйел...
    16 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қасқыр көрсең...
    14 Желтоқсан 2020
    Бүгін күн тұтылады
    9 Желтоқсан 2020
    Өліп, қайта тірілгендер
    2 Желтоқсан 2020
    Түсіңде қарға көрсең...
    26 Қараша 2020
    Қыз әулиенің шашуы
    25 Қараша 2020
    Құмиян құпиясы
    19 Қараша 2020
    Абылайдың түсі
    10 Қараша 2020
    Қарияның қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31